-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Білім және ғылым

    Вакцина салдырмаған студенттерге жатақхана берілмейді – жаңа қаулы

    Білім беру ұйымдарына Ashyq қосымшасы арқылы ғана кіруге болады

    Қазақстанның бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, вакцина алмаған студенттерге жатақханаға орналасуға тыйым салынады. Алайда бұл шектеу 18 жасқа толмаған, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және коронавируспен ауырып шыққан студенттерге қатысты емес, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sputnik.kz порталына сілтеме жасап.

    «Бөгде адамдардың кіруіне тыйым сала отырып, COVID-19-ға қарсы вакцина алған студенттер (18 жасқа толмаған, сондай-ақ тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы үш ай ішінде коронавируспен ауырған студенттерді жатақханаға орналастыруға жол беріледі) жатақханаға орналастырылсын», — делінген қаулы мәтінінде.

    Сонымен бірге студенттерге университетке Ashyq қосымшасы арқылы кіруге рұқсат етіледі. Бұдан бөлек ұстаздардың, персонал мен білім алушылардың дене қызуы күн сайын өлшенеді.

    Қаулының толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

    қатысты посттар

    Шымкентте 7 мыңға жуық түлек ҰБТ тапсыруға онлайн өтініш берген

    Фариза

    Мектептерде жыныстық тәрбие бойынша жұмыс істеу керек — Тұрғымбаев

    Фариза

    Қазақстанда төрт өңірге үздік мұғалімдерді тарту бойынша арнайы бағдарлама басталды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    13 − six =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.