8 C
Алматы
Жексенбі, 28 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Білім және ғылым

    Биыл күзден бастап түлектер 2,5 жылдық бакалавриатқа түсе алады

    Білім және ғылым министрлігі биыл жаңа оқу жылынан бастап пилоттық режимде 2,5 жылдық бакалавриат енгізеді. Бұл туралы ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан порталына сілтеме жасап.
    Министрдың айтуынша, көптеген жұмыс беруші кадрлардың өте ұзақ – төрт жыл бойы даярланатынына шағымданады. Сол себепті білім министрлігі пилоттық режимде “қолданбалы бакалаврларды” дайындай бастайды. Бірақ төрт жылдық бакалавриат сол күйі қалады.
    “Біз мұны биыл жаңа оқу жылынан бастауды жоспарлап отырмыз. Бірқатар жоғары оқу орнында пилоттық жоба болады. Әзірге елорда мен Алматы қалаларының жоғары оқу орындарына енгіземіз”, – деді Аймағамбетов үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.
    Осы орайда министр “қолданбалы бакалавриат” еңбек нарығына не беретінін түсіндірді.
    “Қысқа уақыт ішінде, яғни 2-2,5 жыл ішінде практикаға бағдарланған маман еңбек нарығына шығады. Егер ол екі немесе бес жылдан кейін білімін шыңдап, әрі қарай оқығысы келсе, университетке барып, толық бакалавр дәрежесін алуға мүмкіндігі бар. Университетке түсіп, әрі қарай оқуын жалғастыра алады”, – деді Аймағамбетов.

    қатысты посттар

    ҰБТ-2021: Алғашқы күннің қорытындысы жарияланды

    Фариза

    Жамбылдағы білім беру мекемелері толығымен «Ашық» бағдарламасына қосылған

    Фариза

    Мектептерде жаңажылдық ертеңгіліктер болмайды – Асхат Аймағамбетов

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twelve + 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.