5 C
Алматы
Жексенбі, 28 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Екі апта жансақтау бөлімінде жатқан тараздық тұрғындарды екпе алуға шақырды

    Тараз қаласының 52 жастағы  тұрғыны, өзінің туған күнінде қалалық көпбейінді ауруханадан  сауығып шықты. Тура бір ай бойы коронавирустық инфекцияъмен алысқан ол,  шілде айының ортасында өкпесінің 90 пайыз зақымдануымен ауыр халде түскен. Екі апта бойы жансақтау бөлімінде жатып, жасанды желдету аппаратында бес күн, өкпені инвазивті емес желдету аппаратында үш күн ем қабылдады.

    «Коронавирусқа шалдыққан науқастармен тікелей қарым-қатынасқа түскен жоқпын, дегенмен өзім базарда сауда-саттықпен айналысамын, онда адам көп, олардың   вирус жұқтырған-жұқтырмағанын білмейсің. Шілденің басында ауырып қалдым. Дертті базардан жұқтырдым, себебі қонаққа барған жоқпыз, жақындарымды көрмегелі бірнеше ай болды. Тек телефон арқылы хабарласып тұрамыз. Алдымен әлсіреп, тоңып, дірілдей бастадым. Бірнеше күннен кейін иіс пен дәм сезбей қалғанымда, Covid жұқтырғанымды түсіндім. Үйде бірнеше күн емделіп, жөтел үдеп, қан аралас қақырық шыққан соң, жедел жәрдеммен ауруханаға келдім. Мен өз-өзіме келе алмай, тыныс алу аппаратында жатып, о дүниені көрдім десем болады. Маған екінші өмір сыйлаған ақ халатты абзал жандарға мың алғыс. Ковидке әлі де сенбейтін адамдарға айтарым:  вакцина салдыртыңыздар,  денсаулыққа артық қауіп төндірудің қажеті жоқ», – дейді ол.

     «Пациенттің сауығуы бір ғана дәрігердің қолында емес, кейбір жағдайда науқастың өзінің емделуге деген ынтасына да байланысты. Короновируспен ауырған адам бар күшін осы дертті жеңуге жұмсауы тиіс.  Ағза әлсіреп қалады, сондықтан өзін-өзі күтіп, қалыпқа келтіру қажет. Ол үшін той-томалақтан, жиындардан, адам көп шоғырланатын орындардан бас тарту керек. Дәруменге бай тамақтарды ішіп, ұйқыға мән беру, таза ауда серуендеу, спортпен шұғылдану, салауатты өмір салтын қалыптастыруға көп көңіл бөлу керек», – дейді емдеуші дәрігер Парида Құрманбаева.

    Аурухана қызметкерлері ауруынан айығып шыққан туған күн иесін үйге шығарып салды, әрі оны дүниеге келген күнімен құттықтады. Ақ халаттылардың қорғаныс киімдерінен олардың қуанышты жүздерін көру мүмкін емес. Дегенмен, жазылып шыққан науқас үшін адал еңбек еткен оларды қимыл қозғалыстарынан-ақ білуге болады.   

    қатысты посттар

    Таразда Ж. Үшкемпіровке арналған республикалық ашық турнир басталды

    Фариза

    Шымкент: орман тұқымбағында күзгі жер жырту жұмыстары басталды

    Фариза

    Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаменті және ЛА-155/4 мекемесі басшылығы Ұлы отан соғысының тыл еңбеккерін, Ауған соғысының және Тәжік-ауған шекарасындағы соғысқа қатысқан интернационалист-жауынгерлерін 9 – мамыр Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    18 − 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.