8 C
Алматы
Жексенбі, 28 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Қазнет қолданушыларын жасөспірімдердің әрекеті ашуландырды

    Қазнет қолданушыларын көшедегі жасөспірімдердің қылығы ашуландырды. Болжам бойынша, видеодағы қыздардың бірі есірткі қолданған, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі, Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Әлеуметтік желілерде бір топ жасөспірім қыз түсірілген видео жарияланды. Кадрлардан олардың бірі жерде жылап, тұра алмай отырғанын көруге болады. Жанындағы басқа қыздар оның қылығын айтып, ұрысып жатыр. Олардың айтуынша, қыз меф иіскеген (тез психикалық тәуелділік тудыратын синтетикалық препарат “мефедрон” – авт.ескерт.).

    “Мен бұған таңданбаймын. Өкінішке қарай, бұл елімізде үйреншікті жағдайға айналды. 16 жастағы қыздар мас күйде, көшеде жатады. Салдары өкінішті жағдайға әкелуі мүмкін. Артық дозадан өлім немесе зорлау. Себебі, бұл жағдайда олар қарсылық көрсетіп, өзін ұстай алмайды. Бұл видеодан анық көрініп тұр. Ата-анасы қайда қарап отыр? Балалары не істеп жүргені бәрібір ме? Бақылау қайда?

    Мен тағы да барлық полиция қызметкерін, ішкі істер министрін синтетикалық есірткіге қарсы күресті күшейтуге және нақты нәтиже көрсетуге шақырамын. Ата-ана, балаларыңызды бақылаңыз. Не істеп жүр, достары кім, есірткі қабылдағанда бала өзін қалай ұстайтынын біліп, бақылаңыз”, – деп жазды басылым авторы.

    Видеоға қатысты түрлі пікір жазылған. Пайдаланушылар құқық қорғау органдарына есірткі қылмысына қарсы күресті күшейту қажет екенін жазған. Басқалары ата-ана баланың өмірін бақылауды күшейтуі керек деп санайды.

    Фото: ашық дерккөзден

    қатысты посттар

    Ұшақ апаты: Пилот өлер алдында жолаушыларға жіберілетін ауаны өшіріп тастаған

    “Бұған кінәлі ҚХР азаматтары” Алматы облысы тұрғындары мен қытай жұмысшылары арасында туған дау төбелеске ұласты

    Фариза

    Солтүстік Қазақстан облысында 2 жасар сәбидің өлі денесі табылды

    Пікір қалдыру

    11 + 13 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.