8 C
Алматы
Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам Оқиға

    “Бұған кінәлі ҚХР азаматтары” Алматы облысы тұрғындары мен қытай жұмысшылары арасында туған дау төбелеске ұласты

    Алматы облысында жергілікті және қытай жұмысшылары арасында туындаған жанжалдың арты төбелеске ұласты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Биыл 7 қазанда Алматы облысының Ақсу ауданында Алматы-Өскемен тас жолын салып жатқан “Citic Construction” ЖШС-ның арасында төрт Қытай азаматы да бар жұмысшылары жанжалдасып, ақыры төбелеске ұласқан. Салдарынан этникалық қазақ (ықтияр хаты бар) болып табылатын Қытай Халық Республикасы азаматтарының бірінің (Қ.Ж.) денсаулығына жеңіл дәрежедегі дене жарақаты келтірілген. Бұған кінәлі КХР азаматтары (Л.З., В.Х., В.П.) ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабы, 1-тармағы, яғни “Денсаулыққа қасақана жеңіл деңгейде зиян келтіру” бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

    – Келесі күні осыны естіп алып, істің мәнісіне тереңнен үңіліп жатпастан ашуға мінген ауылдың бір топ тұрғыны “Citic Construction” ЖШС-ның құрылыс нысаны алаңында вагонда тұрып жатқан қытай жұмысшылары үстіне баса-көктеп кіріп, оларды өз бетімен “тәртіптеген”. Салдарынан ҚХРдің төрт азаматы әрүрлі дәрежедегі дене жарақатымен облыстың медициналық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады ведомстводағылар.

    Аталған факті бойынша Алматы облысының полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, 3-бөлігінде, 107-бабы, 2-бөлігінде және 106-бөлігінің 2-бөлігінде көрсетілген қылмыстар бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қылмысқа қатысы бар күдіктілер анықталып, қамауға алынды.

    Сонымен қатар, “Citic Construction” ЖШС-ны тексерген құзырлы орган 33 шетелдік жұмысшының ҚР көші-қон заңнамасын бұзғанын анықтады. Бұл үшін олар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 517-бабы, яғни “Шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы” бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазір оларды елден шығару мәселесі қарастырылуда.

    Сонымен бірге шетел азаматтарының Қазақстан территориясына келуін және жүріп-тұруын ұйымдастыратын Алматы облысы мен Алматы қаласында тіркелген шетелдік заңды тұлғаларға қатысты ішкі істер органдары ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабы, яғни “Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру” бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

    Қозғалған бұл қылмыстық істердің тергеу барысын Ішкі істер министрі жеке қадағалауына алды.

    қатысты посттар

    Ұшақ апаты: Пилот өлер алдында жолаушыларға жіберілетін ауаны өшіріп тастаған

    Педагогтар ант бермейді

    Фариза

    Досын көлікпен сүйреген түркістандық жастар өз әрекетін түсіндірді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.