-12.1 C
Алматы
Среда, 25 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Таразда ерлікпен қаза тапқан Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлеріне арналған ескерткіш ашылды

    Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің кәсіби мерекелеріне орай Таразда бейбіт тұрғындарды құтқару жолында өз өмірлерін құрбан еткен ҰҚКД қызметкерлері Мұхтар Халиев пен Сергей Касьяненкоға арналған ескерткіш-монумент ашылды.

    Еске сала кетейік, 2011 жылы Тараздағы террорлық шабуыл кезінде қаза тапқандардың арасында ҰҚКД қызметкерлері Мұхтар Халиев пен Сергей Касьяненко да бар болатын. Олар діни экстремистермен байланысы бар деген күдікке ілінген қылмыскерге сыртқы бақылау жүргізді. Террорист ізінен түскен жедел-іздестіру басқармасы қызметкерлеріне шабуыл жасап, ажал құштырған еді.

    Батырлардың есімдері енді ҰҚКД ғимаратының жанындағы скверде орналасқан ескерткіш-монументте мәңгі сақталмақ.

    Салтанатты шараға Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров, ҰҚКД бастығы Марат Ирменов, полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов және қаза тапқан қызметкерлердің жақын туыстары қатысты.

    Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев 2011 жылы Тараздағы террорлық шабуыл кезінде қаза тапқандардың арасында ҰҚКД қызметкерлері Мұхтар Халиев пен Сергей Касьяненконы еске алып, бүгінгі іс-шара арқылы оларға деген құрметін білдіріп, олардың есімдері мәңгі сақталатындығын жеткізді.

    Аймақ басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылған күні ашылып отырған батырларға арналған ескерткіш-монументтің айрықша  маңыздылығын атап өтті.

     — Туған жердегі бейбітшілікті, тұрақтылықты сақтау үшін өз өмірін қия білген ҰҚКД қызметкерлері – елі мен халқына шынайы берілген, шексіз адалдықтың үлгісі болып қала бермек. Өскелең жас ұрпақ осындай азаматтардан үлгі алуы тиіс Осы скверді абаттандырғаны үшін ҰҚКД басшылығы мен қызметкерлеріне алғысымды білдіремін, — деді Бердібек Сапарбаев.

    Шара барысында қаза тапқан қызметкер Мұхтар Халиевтің әкесі Ермекбай Халиев те сөз алды.

    — Аспанымыз әрқашан ашық, еліміз бейбітшілікте өмір сүрсін! – деп тілегін жеткізді ол.

    Шараға қатысқан барлық қаза тапқан қызметкерлердің туыстары бүгінгі бейбіт тұрғындарды құтқару жолында өз өмірлерін құрбан еткен ҰҚКД қызметкерлеріне арналған ескерткіш-монумент ашқаны үшін облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

    Бұдан соң әрі қонақтар ҰҚКД ғимаратында өткен ұлттық қауіпсіздік органдары күніне арналған салтанатты шараға қатысты.

    қатысты посттар

    Көпбалалы отбасылар баспаналы болды

    «ҮЙІМІЗДЕЙ ҰСТАЙЫҚ». ШЫҢҒЫС МҰҚАН ШЫМКЕНТТІК ЖАСТАРМЕН БІРГЕ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ

    Фариза

    Шымкентте госпитальдің құрылысы аяқталды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nineteen + 16 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.