14 C
Алматы
Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: Елтайдағы сел салдары жойылуда

    Су тасқыны болған Елтайда сел салдарын жою жұмыстары жүріп жатыр. Естеріңізге сала кетсек, мамырдың 13-нен 14-не қараған түні төпелеп жауған нөсер жауыннан Елтай тұрғын алабын су шайып кеткен болатын. Қазір оқиға орнында төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері күні-түні жұмыс істеуде.

    Жасы жетпістің тоғызына таяған Күләшхан апа 20 жылдан бері  Елтайда тұрады. Су шайғансәрсенбінің кешінде кейуана алаңсыз теледидаркөріп отырған. Кенет гүрс еткен дауыстан секемалып, сыртқа шықса, қорасы көз алдында құлапжатыр.

    Күләшхан ЧоңжыЕлтай тұрғын алабыныңтұрғыны: Бұрын мұндайды өз көзім көрмеппін.  Тасқын су бірден терезеден кірген кезде не істерімізді де білмей қалдық. Мен бұл үйді тастап кете алмаймын. Себебі осы ауылдың мазаратында шалым жатыр, балам жатыр. Әйтпесе, қалада балалар алып кетеміз дейді.

    Ал, арыны қатты ағын судың зардабыншеккендердің тағы біріСапарбек Оразбаевтыңотбасы. Ақсақалдың үй іргесіндегі қорасынақабырғаны тесіп су кірген. Қораның іші астаң-кестең. Ол ол ма? Есік алдына еккен қызанақ, қиярды да түгел су шайып кетті. Абырой болғанда адамдар дін аман. Тек, тұрғыналаб тұрғыны Есенғалидің сауынды екі сиыры суға ағып кетті. Тау жынысы тасқынмен ағып келіп, ауылдың ішінбасып қалды. Талайды көрген тұрғындар «дәлмұндайды көрмеппіз» деп таңғалуда. Қорыққанғақос көрінеді. Төрт күннен бері тонна-тонна топырақ, тасты төтеншеліктер тазалап үлгермейжатыр. Тұрғындар да қарап қалмай, тырбанып әлек.

    Қырдан аққан судың арыны қаттылығы соншаүлкен тау тастарына дейін  аулаларға ағызыпәкелген. Сел шайған күні мына арықтан су тасып, арнасынан тасып еді. Қазір арықтың айналасықұрғақ. Есесіне, тас пен топырақ тау болып үйіліпжатыр.

    Табиғаттың тосын мінезінен Елтайдағы  алпысүйдің ауласына су кірді. 38 үйге зақым келді. Абырой болғанда, жарамсыз халге түскен үйлержоқ. Зардап шеккен тұрғынүйлерге тек жөндеужұмыстары жүргізіледі. Ал құлаған 12 қора-қопсының құжаты болмағандықтан өтемақытөленбейді.

    Шымкент қалалық төтенше жағдайлардепартаментінің баспасөз жетекшісі ЗарипаТұрысбекованың айтуынша, Елтай ауылындақазіргі таңда су толығымен тоқталып, авариялық-қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл жұмыстарға Шымкент қаласы ТЖдепартаментінің жеке құрамында 48 қызметкер, 3 техника мен 1 мотопомпа жұмылдырылған.

    Өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамы су басқан ауылда аула аумақтардан, көшелерденбатпақ лай мен тастарды шығарып, арықтардыжиналған қоқыстардан тазартуда.  

    Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар күндіз-түніауысыммен жұмыс атқарып келуде. Департаменттіңкүш және құралдары күн сайын 10-12 үйдіңауласын тазартып, 4 жүк автокөлігіменжинақталған лай мен тастарды шығаруда. Үшкүнде олар 36 үйдің ауласын тазартты.

    Сонымен бірге Елтай ауылында жалпы ұзындығы30 метр Найзатас, Нұрқазық көшелерін лай мен тастардан тазартты. Бұл жұмыстарға ергіліктіатқарушы органдары тарапынан 17 адам мен 7 техника жұмылдырылды.

    Табиғат апатын жоюға күш салып жүргеназаматтарға мұнда күн сайын 150 адамға арналыпас берілуде. Оған әкімдіктен арнайы қаржы да қарастырылған.

    Айта кетейік, ауа-райын болжаушылар Шымкенттеалдағы күндері де жауын-шашын болатынынайтады. Сол себепті, қала басшылығы тарапынансақтық шаралары күшейтіледі.

    Г. Қапал                            

    қатысты посттар

    Жуалы ауданында сегіз жылыжай ашылады

    Фариза

    Таразда тозығы жеткен екі мектеп қайта жаңғырды

    Фариза

    Ақсуат төрінде республикалық ақындар айтысы өтті

    Пікір қалдыру

    fourteen − 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.