15 C
Алматы
Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Сыр елінің ауылшаруашылық өнімдері 17 мемлекетке экспортталуда

    Қызылорда облысынан жыл басынан бері 22,5 млн. долларды құрайтын 66,1 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері (күріш, балық өнімдері, бидай қалдығы, бидай ұны, сабан, мақсары майы, қауын және қарбыз) өзге елдерге экспортталып, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 11,8 пайызға артты (салмақ бойынша 136,4 пайызға артты). Оның ішінде 97,8% өңделген өнімдерді шетке саудаланған. Өнімдер әлемнің 17 мемлекетіне жеткізілуде.

    Барлық экспортталған өнімнің 91,0 пайызын құрайтын облыстың негізгі дақылы – күріш өнімі, Ресей, Қырғызстан, Беларусия, Әзірбайжан, Моңғол мемлекеті, Тәжікстан, Украина, Түркмения және Ирак мемлекеттеріне экспортталған.

    Есепті кезеңге 60,2 мың тонна күріш өнімі экспортталып, былтырғы жылмен салыстырғанда 132,0 пайызға артып отыр.

    Биылғы жылы алғаш рет облыстан Германия мемлекетіне 421,5 тонна қамыс және Өзбекстанға 136 тонна бидай ұны жөнелтілді.

    Сондай-ақ, Қытай және Ауғанстан мемлекеттеріне 391,5 тонна мақсары майы, Ресей мемлекетіне 1270 тонна қарбыз, 137 тонна қауын экспортталды.

    қатысты посттар

    «Таразға тарту» жобасы аясында бірден бірнеше нысан пайдалануға берілді

    Фариза

    Шымкентте жыл басынан бері 25 016 отбасыға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған

    Фариза

    ШЫМКЕНТТЕ 265 895 АЗАМАТҚА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТАҒАЙЫНДАЛҒАН

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fifteen + 12 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.