26 C
Алматы
Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Нұр-Сұлтанда әуеге көтерілген ұшақ неге оралғаны айтылды

    Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшып шыққан ұшақтың көп ұзамай елорда әуежайына қайтуының себебі аталды, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Бұған дейін 16 маусымда түстен кейін FlyArystan ұшағы рейсті орындай алмағаны хабарланған еді. Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының өкілдері борт техникалық себептерге байланысты оралғанын мәлімдеді.

    Tengrinews.kz редакциясы әуекомпания баспасөз қызметіне жүгінді. Бірақ олар жағдайды ауызша түсіндіруден бас тартып, ресми сұраныс жіберуді сұрады. Осыған байланысты редакция Air Astana әуекомпаниясына жүгінді. FlyArystan оған еншілес ұйым саналады.

    “А320 ұшағын қайтарудың себебі – үш гидрожүйенің бірінің істен шығуы. Рейстің жолаушылары басқа ұшақпен сағат 00.30-да ұшып шықты. Кейін әуе кемесінің техникалық ақаулары жөнделіп, 17 маусымда басқа рейсті орындады”, – деді Air Astana баспасөз қызметі өкілі.

    қатысты посттар

    Алматыда жантүршігерлік жол апаты болып, 6 адап зардап шекті (фото)

    “Қазақстандағы дүнген қауымдастығының басшысы Қытай билігінен көмек сұрауда”

    “Өртенді, өртеніп жатырмыз” Мәскеуде ұшақта түсірілген жантүршігерлік видео

    Пікір қалдыру

    eighteen − 10 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.