Четверг, 5 ноября 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Ермахан Ибраимов тойда жүрген видеосына қатысты пікір білдірді

    Боксшы, Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап. 

    Желіде тараған видеода Алматы қалалық мәслихатының депутаты үйлену тойында жүргені көрсетілген. Ол ортаға шығып, жастарға тілек айтып тұрған.

    Видеода Ибраимов «Тойхананың артынан емес, алдынан кіріп тойлайық» деп айтқанынан Желі қолданушылары бұл карантин кезінде болған той деп болжаған. 

    Алайда Ибраимов Tengrinews.kz тілшісіне бұл 2018 жылы түсірілген видео екенін айтты. 

    «Ол баяғыда болған, соны түсіріп алған ғой. Ол 2018 жылы болған той. Маған қарсы болған топтар іздеп, тауып алып жүргендері ғой. Ол коронавирусқа қатысы жоқ, бейбіт заманда болған», — деді Ермахан Ибраимов. 

    Еске салайық, Ермахан Ибраимов 2019 жылы Аман Тасығанға берген сұхбатында «тойға қонақ ретінде де баратынын» айтқан болатын. 

    «Негізі мені тойға шақырған адамдар «Менің тойыма Ермахан Ибраимов келді. Олимпиада чемпионы келіп, тілек айтып, балама бата берді» дейді. Көбіне тұсаукесер, сүндет тойға неге қазақтың батыры Ермахан Ибраимов келіп, бата бермеске? Оның жолын ашпасқа?» — деген еді ол сұхбатта.   

    Айта кетейік, биыл Nur Otan партиясынан Алматы мәслихатына депутаттар тізімі бекітіліп, олардың тізіміне бокстан Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов та кірген болатын.  

    қатысты посттар

    Нұр-Сұлтанда депутат көпбалалы аналармен сөзге келісіп қалды

    Фариза

    Түркістан облысында өгей қызын зорлаған әке 20 жылға сотталды

    Фариза

    Зейнеткер өз ұлын балғамен ұрып өлтірді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    20 − nine =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.