13 C
Алматы
Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Ринат Зайытов «Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры болып тағайындалды

    Айтыскер ақын Ринат Зайытов Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап

    «Ринат Зайытов «Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры қызметіне тағайындалып, бүгін ғана ұжымға таныстырылды», – деді ҚазАқпарат тілшісіне телефон арқылы театр директорының қабылдау бөлмесінен.

    Ринат Зайытов 1983 жылы 17 қарашада Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында дүниеге келген.

    Қазақтың айтыскер, суырып салма және жазба ақыны, драма актері, филолог.

    М. Төлебаев атындағы музыка колледжін «Драмалық театр актері» мамандығы бойынша бітірген.

    Семей мемлекеттік педагогикалық институтында филолог мамандығы бойынша білім алған.

    Телевизиядағы алғашқы қадамы Семей қаласының жергілікті арнасындағы «ТТТ» әзіл-сықақ бағдарламасымен басталған.

    Ол – 2001-2008 жылдары арасындағы аймақтық, республикалық және халықаралық айтыс додаларының жеңімпазы, 2008-2010 жылдары аралығында республикалык айтыстағы дүлдүл жеңімпазы.

    Аягөз ауданының құрметті азаматы. «Астана қаласының дамуына қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған.


    қатысты посттар

    Танымал журналист Қуандық Шамахайұлының неден қайтыс болғаны анықталды

    Фариза

    Болат Назарбаев сотта бұрынғы әйелінен жеңіліп қалды

    19 жастағы жоғалып кеткен жүкті қызға байланысты жаңа деректер шықты

    Пікір қалдыру

    ten − 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.