10 C
Алматы
Жұма, 26 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: Мектепке дейінгі ұйымдарда санитарлық талаптар қатаң сақталуда

    Шымкент қаласындағы жеңілдетілген карантин режимінесәйкес 17 тамыздан бастап мектепке дейінгі ұйымдар жұмысын бастаған. 

    Бүгінгі таңда қаладағы 508 мектепке дейінгі ұйымда 2743 кезекші топ жұмыс жасап жатыр. Онда 36 359 бала тәрбиеленуде. Мектепке дейінгі ұйымдарда барлық санитарлық талаптар қатаң сақталуда. 

    Кезекші топтағы балалар саны 15-тен аспайды. Ұйымдардағы  балалар мен қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына, оларға қауіпсіз жағдай жасау үшін жауапкершілік мекеме басшысына жүктелген.

    Қызметкерлер мен келушілер үшін қолжетімді орындарға антисептиктер орналастырылған. Тәрбиешілер балалардың қолдарын әрбір тамақтанудың алдында, далада серуендепкелгеннен кейін де жуып отырады. 

    Бөлмелерге күніне екі рет дезинфекциялық тазалаужұмыстары жүргізіліп тұрады. 

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Шымкент: «Еңбек» бағдарламасымен 600-ге жуық мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналасқан

    Фариза

    Шымкентте екі күнде 50-ден аса дәрі-дәрмекті заңсыз сату анықталған

    Фариза

    Маңғыстауда малы қырылған шаруалар үкіметке талап қойды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twelve − two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.