Четверг, 5 ноября 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте екі күнде 50-ден аса дәрі-дәрмекті заңсыз сату анықталған

    Шымкент қаласының Полиция департаменті дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сатқан дәріхана қызметкерлері мен азаматтарды анықтау мақсатында жедел-профилактикалық іс-шара жүргізді. Нәтижесінде 6 шілдеде оншақты заңсыз сату анықталды.

    Әлімқұлов көшесінде 3 қойманы тексергенде иесі дәрі-дәрмектерді сатуға арналған арнайы лицензиясын көрсеткен. Алайда мамандар бұл лицензия басқа ғимаратқа арналғаны, ал қоймаларда дәрі-дәрмектер заңсыз сақталғанын анықтады. Фармацевттер қоймада анықталған дәрі-дәрмекті 3 топқа бөліп, әрбір дәрі-дәрмектің қайда қолданылатыны туралы түсінік берді.

    Бірінші топ – ҚР аумағында тіркелмеген және сатуға рұқсат берілмеген дәрі-дәрмектер. Олар «Конвулекс», «Энцефобол», «Алоэ экстракт инъекция үшін» және тағы басқалар.

    Екінші топ — респираторлық вирустық ауруларды емдеуге арналған жоғары сұранысқа ие болған дәрі-дәрмектер. Олар «ЦЕФ 3», «Цефтриаксон», «Ингавирин», «Гордокс», «Дексаметазон» және тағы басқалар.

    Үшінші топ – ҚР-да медицинасында тіркеуде тұрған азаматтарға тегін берілетін дәрі-дәрмектер. Олар «Депакин», «Методжект» және тағы басқалар.

    Сондай-ақ, қоймадағы дәрі-дәрмектердің сақталу талаптары өрескел бұзылғаны, дәрі-дәрмектер емдеу қасиеттерін жоғалтып, адам өміріне қауіпті екені  анықталды. Және қойманың бет жағында дәріхананы белгілейтін жарнамасы жоқ.

    Барлық 229 дәрі-дәрмектің түрі айғақ зат ретінде тәркіленді. Оның ішінде, «ЦЕФ 3» — 130 қорап,«Ингавирин» — 80 қорап, «Дексаметазон» — 4 ампула,  «Алоэ экстракт инъекция үшін» — 120 қорап, «Методжект» — 480 қорап, «Глюкоза» таблетка — 3120 тақтайша, «Глюкоза» бутыль – 27, Стекловидное тело – 2160, «Парацетамол» – 18 қорап, «Ферсинол» – 2160, «Аскрупин» — 2160 қорап.

    Айта кету керек, арнайы құрылған мониторингтік топпен екі күн ішінде дәрі-дәрмектерді заңсыз сатудың 50-ден астам жағдайы  тіркелген. Барлық анықталған деректер бойынша заң бұзған азаматтар жауапқа тартылатын болады.

    Г. КАПАЛ

    қатысты посттар

    Таразда тұңғыш рет «Ауыл әйелдерінің форумы» өтті

    ШЫМКЕНТ: КАРАНТИНДІК ТАЛАПТАРДЫҢ САҚТАЛУЫНА БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

    Фариза

    Кәсіп түбі — нәсіп!

    Пікір қалдыру

    5 + 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.