13 C
Алматы
Жұма, 3 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда: Сырдария ауданында тұмауға қарсы екпе жұмыстары 64,5 пайызға орындалды

    Жыл сайын тұмау мен жедел респираторлық вирустық инфекцияларды жұқтырушылардың саны көбейіп келеді. Соған орай ел тұрғындарына тұмауға қарсы вакцина салынады. Биыл елімізде екпе науқаны екі аптаға ерте басталды. Өйткені коронавирус індеті кезінде тұмау өршіп, салдары қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан қазіргі таңда екпенің аурудың алдын алуға ықпалы зор.

    Сырдария ауданы бойынша 2020 жылдың 1 қазанына дейін 3646 адамға вакцина салу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда диспансерлік есепте тұратын тұрғындарға, жүкті әйелдерге, медициналық ұйымдарда бақылауда тұрған балаларға, 6 айдан асқан жиі ауыратын балаларға, ересек адамдарға екпе егілуде. Бүгінгі күнге екпе жұмыстары 64,5 пайызға орындалып отыр.

    «Қазір күн салқындады. Оның үстіне қауіпті індет түбегейлі жойылған емес. Сондықтан тұмауға қарсы екпені салдырып алған дұрыс. Статистикалық мәліметтер бойынша жыл сайын қазан айының ортасында тұмаумен және жіті респираторлы вирустық инфекциямен ауыратындар күрт көбейеді. Ал вакцинадан кейінгі иммунитет 2 аптадан кейін болады. Сол себепті де екпені ерте салдырып алу қажет. Осы бағытта ауданда ауданның медицина қызметкерлері тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр», – дейді аудандық аурухана бас дәрігерінің бастапқы медициналық көмек көрсету жөніндегі орынбасары Жанар Әшімқызы.

    Айта кетейік, екпе жұмыстары аудандық емхана мен ауылдық округтердегі дәрігерлік амбулаторияларда жүргізілуде.

    қатысты посттар

    Қызылордадағы ірі сауда орталықтарына әлеуметтік сөрелер орналастырылған

    Фариза

    Сыр өнімдері шетел нарығына жөнелтілуде

    Фариза

    “Тоқаев, саяси реформа туралы уәдең қайда?” Алматыда “Демпартияның” рұқсат етілген митингісі өтіп жатыр (фоторепортаж)

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.