23 C
Алматы
Жексенбі, 19 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкент: Қала әкімінің бірінші орынбасары этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесті

    Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Шымкент қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Шыңғыс Мұқан этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша этномәдени бірлестіктермен кездесу өткізді.

    Айта кетерлігі, мегаполис мәртебесін алған Шымкент қаласы тұрғындарының 38 пайызын этнос өкілдері құрайды. Халықтың осы санатын жалпыұлттық міндеттерге жұмылдыруда 17 этномәдени бірлестік қызмет атқарады.

    Сондай-ақ орта арнаулы оқу орындарында 29 «Достық» клубтары жұмыс істейді.Кездесуде этносаралық қатынастар саласындағы ахуал, проблемалық мәселелер және оларды шешу жөніндегі шаралар талқыланды. Талқылау барысында Шымкент қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Ш.Мұқан: «Елімізде тұрақтылық пен келісім үйлесім тапқанда ғана, болашаққа үмітпен қарауға, іргелі реформаларды іске асыруға мүмкіндік бар.Біз кез келген қиындықтар мен кедергілерді тек бірге бірлікте, татулықта, өзара сыйластықта ғана еңсере аламыз», — деді.

    Сонымен қатар, қоғамдық ұйымдар мен құрылымдардың этносаралық қатынастар саласындағы жұмысын жаңғырту мәселелері де қарастырылды.Кездесу қорытындысында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ш. Мұқан олардың этносаралық саладағы қызметін одан әрі жетілдіру, азаматтық қоғамды, этномәдени бірлестіктерді, бұқаралық ақпарат құралдарын бірлескен жұмысқа белсенді тарту жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.

    Ф.Жандар

    қатысты посттар

    Шымкентте эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келеді

    Фариза

    Гүлшара Әбдіқалықова жаңа автобустарды табыстау рәсіміне қатысты

    Фариза

    ШЫМКЕНТ 100 ПАЙЫЗ ЖЫЛДАМДЫҒЫ ЖОҒАРЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    19 − eleven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.