7 C
Алматы
Жексенбі, 28 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ 100 ПАЙЫЗ ЖЫЛДАМДЫҒЫ ЖОҒАРЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ

    Шымкент 100 пайыз жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етіледі.Мұндай тапсырманы қала әкімі Мұрат Әйтенов интернетпен қамту мәселелері бойынша онлайн режимде өткен аппараттық жиында берді.

    Қаладағы шағын аудандарды жоғары сапалы интернетпен қамтамасыз ету жайын баяндаған цифрландыру басқармасы басшысының м.а.Р.Ақжігітов қала аумағындағы 105 шағынаудан мен тұрғын алаптары интернет желісімен қамтамасыз етілгенін, оның ішінде мобильді интернетке – 74, сымды интернетке – 79, талшықты-оптикалық байланыс арнасына 49 шағынаудан қол жеткізгенін атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде интернет желісіне қатынау мүмкіндігі бар үй шаруашылықтарының үлесі  90,7 пайызды құраған. Оның ішінде 98,5%-ы мобильді кең жолақты байланысқа, ал 21,8% сымды кең жолақты байланысқа қосылған.

    Ал, интернет желісін пайдаланушылар үлесі 80%-ды, тіркелген интернет абоненттерінің саны 75,5% құрайды екен. Бұдан бөлек, ол 20 шағынауданда интернет желісі, ал 16 тұрғын алаптамобильді интернет сапасы нашар екенін айтты.Жиын барысында байланыс операторлары тұрғындардың денсаулыққа зиян келтіреді деген шағымдарының әсерінен бірнеше шағынаудандарда базалық станциялар алынып тасталғанын айтып, базалық станцияларды орнатуға арнайы жердің қарастырылмағанын жеткізді.Осы ретте, қала әкімі жылдамдығы төмен  аймақтарды 100 пайыз жылдамдығы жоғары интернет желісімен қамтамасыз етуді тапсырды.

    – Қаланың әрбір тұрғыны сапалы интернетке қол жеткізуікерек. Қазір мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі интернет арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан сапасытөмен елдімекендерге көңіл бөліп, 5G жылдам интернет желісін қолға алуымыз керек,

    Қаладағы кейбір шағын аудандарда 5G тұрмақ, 4G желісінің сапасы төмен екенін айтқан шаһар басшысы Шымкент қаласын жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз ету үшін стратегиялық жоспар құрып, 5G технологиясына өтуді жүктеді. Сонымен қатар, әкім салалық басқармаға ұялы байланыстың базалық станциялары мен қажетті жабдықтарды орнатуға тиісті жер учаскесін бөлу бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

    Г.Қапал

    қатысты посттар

    Шалғайдағы Қызтоған ауылында үш отбасына үй берілді

    Шымкентте «Астана балет» театрының ұжымы онлайн концерттік бағдарламасын ұсынды

    Фариза

    Мамандықпен болашаққа!

    Пікір қалдыру

    ten − 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.