15 C
Алматы
Жексенбі, 5 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: Ауруханалар медициналық техникалармен толықты

    Шымкент қаласының медициналық мекемелері жаңа жеделжәрдем көліктерін пайдалануға алды. Бұған дейін қалаға өкпені жасанды желдету аппараттары, пульсоксиметрлержәне оттегі концентраторлары бар гуманитарлық жүк келген болатын.

    Атап айтқанда, қалаға 10 оттегі концентраторы, 50 пульсоксиметр және бір  өкпені жасанды желдету аппараты (ӨЖЖ) жеткізілді. Сондай-ақ, Shevrolet Damas маркалы 3 жедел жәрдем көлігі келді. 

    Бұл көмек «Самұрық-Қазына» АҚ мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралыМеморандум аясында көрсетілді. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы қайырымдылығының бірыңғай операторы – «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобалардыдамыту қоры қажетті жабдықтарды сатып алып, олардыөңірлерге жіберді.

    «Пандемияға байланысты дәрігерлер халыққа медициналық көмек көрсету үшін күндіз-түні жұмыс істеуде. Кез келгенкөмек науқасты дер кезінде емдеуге үлкен әсерін тигізіпотыр.  Осындай қиын-қыстау уақытта қол ұшын созыпжатқан жандарға алғысымыз шексіз», – дейді Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Ережепов Бақтығали.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    «Oqýshyny qolda» қайырымдылық акциясы аясында қызылордалық оқушыларға планшет берілді

    Фариза

    «Шымкент қаласы әкімінің денсаулығына төнген қауіп жоқ» — баспасөз хатшысы

    Фариза

    Қызылордада қосымша 3 зертхана іске қосылады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.