12 C
Алматы
Сенбі, 27 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    «Шымкент қаласы әкімінің денсаулығына төнген қауіп жоқ» — баспасөз хатшысы

    «Мұрат Дүйсенбекұлының денсаулығына төнген қауіп жоқ» — деп жазды баспасөз хатшысы Арай Есенбек. Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына қала әкімінің тест нәтижесі теріс болып шықты деп жазды.

    ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың COVID 19 вирусын жұқтырғаны мәлім болғаннан кейін, әріптестер тарапынан Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің денсаулығы жөнінде сұрақтар көптеп келіп түсіп жатыр. Осыған орай, Мұрат Дүйсенбекұлының денсаулығына төнген қауіп жоқ екенін айта кетейін.

    Иә, Елжан Біртанов 10 маусым күні Шымкент қаласында құрылысы аяқталған инфекциялық госпиталь ғимаратымен арнайы келіп танысқан болатын. Десе де, қала әкімі оған дейін және одан кейін де тест тапсырған. Соңғы рет кешегі жексенбіде тапсырған тест нәтижесі теріс болып шықты. Соған қарамастан Мұрат Әйтенов адамдар көп шоғырланатын жерге шықпай, өз кабинетінде қашықтықтан жұмысын жалғастыруда. Ал жиындарды онлайн режимде өткізіп отыр. Яғни, сақтық шаралары өз деңгейінде сақталуда. Жалпы Мұрат Дүйсенбекұлы тұрақты түрде аптасына бір-екі рет COVID 19 вирусына тест тапсырып тұрады. Қала әкімінің денсаулығы үшін алаңдаған азаматтарға алғыс айтамын!

    Фариза Жандар

    қатысты посттар

    Шымкентте дыбыс күшейткіш құралы арқылы сақтық шаралары түсіндірілуде

    Фариза

    ҮШ АУЫСЫМДАҒЫ МЕКТЕПТЕР МӘСЕЛЕСІ 2024 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ТОЛЫҚ ШЕШІЛЕДІ

    Фариза

    Қызылорда: Жаңақорғанда 2291 бас жылқы төліне чип салынған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    19 − 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.