-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысында агроөнеркәсіптік кешен аясында өнім өндіру көлемі артады

    Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Бақыт Жаханов Президент Жолдауынан туындайтын негізгі міндеттер туралы баспасөз брифингін өткізді.

    Облыс әкімінің орынбасары өңірдегі аграрлық саланың даму перспективасына тоқталып, агрокешенді дамыту мәселелері бойынша облыста атқарылған істерді атап өтті.

    «Ауыл шаруашылығы – экономиканың негізгі тірегі. Бұл ретте агроөнеркәсіптік кешенді дамыту маңызды. Біздің алдымызда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен өз-өзімізді қамтамасыз ету, ауыл тұрғындарының табысын тұрақты өсіру, еңбек өнімділігін 2,5 есеге және агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспортын 2 есеге арттыру міндеті тұр. Қазіргі таңда, мал шаруашылығының жалпы ішкі өндірісі 27,5 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 2,4%-ға өсіп отыр», – деді ол.

    Брифингте Бахыт Жаханов кооперация арқылы жеке қосалқы шаруашылықтардың пайдалана отырып жаңа жұмыс орындарын көбейтуге мүмкіндік барын қоса кетті. Айтуынша, кооперация нәтижесінде 86 мың үй шаруашылықтарын тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіліп, ауыл шаруашылығы өндірісін кем дегенде 3-4 есеге ұлғаяды. Бұл ретте өңірде субсидиялау, жеңілдетілген несие беру, жер бөлу, инфрақұрылымын жүргізу мәселелері бойынша тиісті шаралар қабылданады.

    қатысты посттар

    «300 мың доллар!» Ғабидолла Абдрахимов өзіне тағылған айыпқа жауап берді

    «Қар құрсауында қалған қазақстандық альпинистерді құтқару қиындап жатыр» Министр мәлімдеме жасады

    Досаев әл-Фараби даңғылындағы 2 миллиард тұратын жөндеу жұмыстарын тоқтатты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    seventeen + 10 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.