11 C
Алматы
Жексенбі, 28 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Президент: Жас әрі қабілетті мамандарға мүмкіндік беру керек

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Аманат» деп өзгертілген Nur Otan партиясының кезектен тыс съезінде саяси кадрларды даярлау мәселесіне де тоқталды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Мемлекет басшысының айтуынша, партия кадрларға арналған ұстаханаға айналуы қажет. Ол сайлаушылармен жұмыс істей алатын заманауи саясаткерлер мен мемлекет қызметкерлерін дайындап шығару керек екенін айтты.

    Бүгінде елімізде саяси менеджерлерді дайындау, шынын айтқанда, ақсап тұр. Қазіргі жағдайда саяси көшбасшылар әртүрлі мамандық иелерімен, жастармен, журналистермен, халқымыздың атынан шыққан әрбір адаммен сөйлесуі керек. Ал бізде мұндай адамдар біраз бар. Жалғыз мәселе – әлеуметтік лифтінің жоқтығы. Біз жас, қабілетті кадрларға жол бермейміз. Бұл – біздің үлкен кемшілігіміз. Сонымен қатар партия құрылымында саяси басқару академиясы қызмет етеді. Оның жұмысын айтарлықтай күшейту керек, – Қасым-Жомарт Тоқаев

    Президент бір жолғы семинар-тренингтерден депутаттарды, әкімдерді, министрлерді және басқа да партиядан ұсынылған кандидаттарды оқытудың толыққанды бағдарламаларына көшу қажет деп есептейді. Жүйелі негізде партия белсенділерін жергілікті жерлерде оқыту үшін көшпелі оқулар өткізу керек.

    Мен атап өткен барлық тапсырма мүмкіндігінше тезірек орындалуы керек. Сайлаушылардың партияға деген сенімін арттыру үшін бұрынғы формальды жұмыс әдістерінен бас тарту керек, – президент

    Айта кетейік, съезде Nur Otan партиясының атын «Аманат» деп өзгерту туралы шешім қабылданған еді.

    қатысты посттар

    35 жастағы ер 13 жастағы қыздарды зорлап, оны видеоға түсіріп алған

    «Жас кәсіпкер»: Қызылорда облысында өз кәсібін ашқан жастардың қатары артуда

    Фариза

    “Сөзіңе жауап бересің” – Әкім блогерге жазған жауабын түсіндірді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    six + 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.