14 C
Алматы
Жексенбі, 12 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қазақстанда тұрғын үй жалдау бағасы өсті

    Тамызда тұрғын үй шаршы метрі 1 877 теңге болып, жалдау бағасы 2,1% өсті.

    Бір жыл ішінде тұрғын үйлерді жалдау бағасы 19% өсті. Ал Қазақстанның үш өңірінде бұл баға 30%-ға артқан, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Energyprom.kz порталына сілтеме жасап. 

    2020 жылдың осы уақытымен салыстырғанда тұрғын үй жалдау бағасы бірден 18,5% өсті. Ал былтыр бұл көрсеткіш тек 9,8% өскен еді. 

    Алматы және Батыс Қазақстан облыстарында бұл көрсеткіш 4,2%-дан бастап, 37,4%-ға дейін жетті. Сондай-ақ, Алматы (35%) мен Шымкент қалаларында (33,8%) бағаның айтарлықтай қымбаттағаны байқалады. 

    Тамызда тұрғын үй шаршы метрі 1 877 теңге болып, жалдау бағасы 2,1% өсті. Ал қыркүйекте Нұр-Сұлтанда шаршы метрі – 3 443 теңге, Алматыда – 3 062 теңге, Ақтауда – 2 359 теңге және Түркістанда 2 307 теңге болды. 

    Ең төмен баға келесі үш өңірде тіркелді:

    • Таразда шаршы метрі – 1 370 теңге;
    • Қызылордада – 1 398 теңге;
    • Семейде – 1 452 теңге. 

    қатысты посттар

    Жаңа облыс тұрғындары қайта тіркеуден өтуі керек пе?

    Фариза

    Қызылорда облысында ақпараттық топ мүшелері аудандарды аралауда

    Фариза

    Атамбаевтың қызы Жээнбековке “бірінші секундтан бастап оқ атып, біздің елде куәлікті осылай береді ме?

    Пікір қалдыру

    six − 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.