15 C
Алматы
Жексенбі, 5 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысында 58 мектеп жан басына қаржыландыру тәртібіне өтті

    Жаңа оқу жылында Сыр еліндегі 58 мектеп жан басына қаржыландыру тәртібі бойынша жұмысты бастап кетті. Яғни әрбір мектепке бала санына қаржы бөлінеді. Бұл туралы Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова мәлімдеді.

    «1 қыркүйектен бастап, Арал ауданынан – 9 мектеп, Қазалыдан – 3, Байқоңыр қаласынан – 5, Қызылорда қаласынан – 41, барлығы 58 қалалық мектептер жан басына шаққандағы қаржыландыруға көшуде. Бұл қаржыландырудың жаңа талабы мектеп арасында өзара бәсекелестік туындатып, материалдық базаны нығайтуға жұмсалатын қаржыны, бала санына сәйкес біркелкі бөлінуіне ықпал жасайтын болады», – деді Ақзира Қасымова.

    Бала санына қарай қаржы бөліну тетігі директорлардың жұмысын жаңа деңгейге шығарады. Бұл ретте мектеп басшысы жаңа білім беру мазмұнын дамытудың жолдарына қарай жұмысты үйлестіріп, оқушылардың жетістігі мен мұғалімдерді қолдау бағытын күшейтеді.

    Айта кетейік, жаңа оқу жылында балаларға патриоттық тәрбие беруде «Құңдылықтарға негізделген білім беру» жобасы енгізіліледі. Сонымен бірге 53 мектепке факультатив негізінде домбыра сағаттары бөлінеді.

    қатысты посттар

    Әсел Айтпаеваның ісі: күдікті 15 шілдеге дейін қамауда болады

    Фариза

    Сарапшылар жұмыртқа бағасы 700теңгеге дейін өсуі мүмкін екендігін айтты

    Фариза

    Қызылорда облысында ескерткіштердің қазба жұмыстарына жұмыссыз жастар тартылады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nine + four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.