13 C
Алматы
Сенбі, 4 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысында ескерткіштердің қазба жұмыстарына жұмыссыз жастар тартылады

    Алтын Орда хандығының Сыр өңірінде орналасқан экономикасы мен мәдениеті дамыған ескі қалалары жіті зерттеледі.

    Осы ретте Қызылорда облысында 6 ескерткішке қазба жұмыстары жүргізіліп, оған жұмыссыз жастар тартылады. Ғалымдар ежелгі Бәбіш мола, ортағасырлық Жанкент, Сортөбе және Алтын Орда дәуіріндегі Сығанақ, Асанас, Қышқала шаһарларының сыр сандығын кеңінен саралап-сараптамақ. Осыдан 6 жыл бұрын да ауқымды археологиялық зерттеу жұмыстары қолға алынған болатын. Нәтижесінде облыстық өлкетану музей қоры 6 мың 486 құнды экспонатпен толықты. Жалпы аймақта 545 тарихи және мәдени ескерткіш бар. Оның 134-і археологиялық мұра санатында.

    Ықылымнан сыр шерткен көне қалаларды зерттеумен қатар инфрақұрылымын жетілдіруге де үлкен мән берілмек. Мәселен, республикалық маңызы бар Сығанақ, Жанкент сияқты жәдігер-шаһарлардың аумағы қоршалып, бару жолы қалыпқа келтірілді. Ендігі меже – тарихи нысандарды ашық аспан астындағы музейге және туристтік орталыққа айналдыру.

    Халық қазынасы болып саналатын руханият пен мәдениет әрбір өңірдің қарқынды дамуына ерекше орын алатыны анық. Бай тарихи-мәдени ескерткіштер мен құндылықтар шоғырланған Сыр өңірі ұлы Жібек жолы бойындағы танымдық, тәрбиелік маңызы бар жаңа туристік бағытқа айналуы тиіс. Ұрпақтар арасындағы сабақтастықтың негізі болып табылатын ұлттық құндылықтарымызды және ата-бабадан қалған мұраларды сақтап, өскелең ұрпаққа жеткізу – біздің басты міндетіміз, – дейді облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Әбуова.

    қатысты посттар

    Қуат Хамитов 6 айға бас бостандығынан шектелді

    Фариза

    Абай кенішіндегі қайғылы оқиғадан кейін кеншілердің жалақысы көтеріледі

    Фариза

    Қызылордада күріш ору науқаны аяқталды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    6 + 18 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.