19 C
Алматы
Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте арнайы оқыту құралдары әзірленді

    Шымкент қаласының тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы «Ресми құжат үлгілері» әдістемелік құралы мен «Қазақ–орыс–ағылшын тілінде мақал-мәтелдер мен жұмбақтар» көмекші құралын әзірледі. 

    5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай аталған көмекші құралдардың тұсауы кесілді. Орталық мамандарының айтуынша, оқыту құралдарында ресми құжатты жазудағы қазақ тілінің стильдік ерекшеліктеріне түсінік берілген.  Сондай-ақ  ісқағаз  әзірлеуде қойылатын талаптар, ережелер баяндалып, үш жүзден астам қазақ, орыс және ағылшын мақал-мәтелдері және сексеннен аса жұмбақтар ұсынылып отыр екен. 

    Онымен қоса, мереке аясында әлеуметтік желілерде түрлі онлайн сұхбаттар, мақалалар жариялау, қалалық кітапханаларда тақырыптық онлайн сұхбаттар, кітап оқу шаралары ұйымдастырылып жатыр.

    Сонымен қатар, мерекеге орай түрлі сала мамандары Шымкент қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталды. 

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Қызылордада 2 оттегі станциясы салынады

    Фариза

    Пушкиннің туғанына 220 жыл

    Шымкентте экономикалық өсімді қалпына келтіруге арналған жобалық кеңсе құрылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eleven − 7 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.