15 C
Алматы
Жұма, 19 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Пушкиннің туғанына 220 жыл

    Орыстың аса талантты һәм тағдырлы ақыны Алаксандр Пушкиннің туғанына 220 жыл толуына орай Өскемендегі А.Пушкин атындағы облыстық кітапханада керемет кеш өтті.

    Оған Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова  қатысты. Салтанатты іс-шара кітапхана алдындағы ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталды.

    “Биыл Пушкиннің туғанына 220 жыл. Бұл – айтулы дата. Бүгінде біздің облыста классик ақынның атында кітапхана бар. Онда оқырмандарға қажетті кітаптар мен оқулықтар жетерлік. Кітапхана қорында 380 мыңнан астам кітап жиналған. Оның ішінде, облыс әкімдігінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Абай әлемі» сериясымен жарық көрген Абай, Шәкәрім, Әуезов, Ф.Достоевский сынды көптеген ақын-жазушылардың шығармалары бар. Биыл біз бұл тізімді одан ары кеңейтіп, баспа бетін көретін  авторлардың шығармаларын көбейтуді жоспарлап отырмыз”, – деді Әсем Нүсіпова.

    Айтулы кешке Өскемендегі Ресей Федерациясы бас консульдығының өкілі де қатысып, сөз сөйледі.

    Бұл күні облыстық кітапхананың алдында «Все о Пушкине» атты сұрақ-жауап көрмесі ұйымдастырыліп, көпшілік «Эксклюзив» фотоклубы мүшелерінің туындыларын көрді. Жастар жағы ақынның отты жырларын оқыды. Ал шараға келген қонақтар «Салон Татьяны Лариной» атты әдеби-музыкалық кешті тамашалап, ақын өлеңдеріне жазылған әуезді романстарды тыңдады.

    Қуан Сейіт

    қатысты посттар

    Қазақстандықтар WordSkills Kazan 2019 чемпионатының күміс және қола жүлдесін иеленді

    Шымкентте егіс алқабынан 18 мың тоннға жуық өнім жиналды

    Фариза

    Жамбылда еліміздегі алғашқы кальцийленген сода шығаратын зауыттың құрылысы басталды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.