-0.1 C
Алматы
Суббота, 9 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысында жылыту жүйелерін жөндеу жұмыстары 80%-дан асты

    Жылу беру маусымы жақындап қалды. Қала ішіндегі және аудандардағы жылыту жүйелері мен қазандықтар уақытылы жөндеуден өтіп, маусымдық науқанға дайын болуы керек. Бұл ретте өңірде жылу жүйелері кезең-кезеңімен іске асуда.
    Бүгінгі күнге коммуналдық кәсіпорындардың жөндеу жұмыстары 66%-ға, әлеуметтік сала нысандары мен автономды қазандықтардың жөндеу жұмыстары 81%-ға орындалған. Ал, орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған көп қабатты тұрғын үйлердің дайындығы 70% құрайды. Мұнан өзге Қызылорда қаласында 14 шақырым жылу жүйелерінің қайта жаңғырту жұмыстары іске асып, жөндеу жұмыстары 60 пайыздан асты.
    Мамандардың айтуынша, қазірде тұрғындарға қажетті 25 мың тонна көмір отыны жеткізілген. Бұл ретте көмір бағасының негізсіз өспеуі маңызды. Қала және аудан тұрғындары үшін көмір бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында көмір өндіретін кәсіпорындармен тікелей келісім-шарт жасау жұмыстары басталған.
    Жылыту жүйесін толыққанды іске қосу үшін отын қорын анықтау қажеттілігі туындайды. Алдағы жылу беру маусымында облыс бойынша 1185 әлеуметтік сала нысандарына 39,5 мың тонна қатты және 26 мың тонна сұйық отын, ал жергілікті тұрғындарға 163,6 мың тонна көмір отыны қажет.
    Айта кету керек, аймақта орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 1913 нысан бар. Оның 778 көпқабатты тұрғын үйлер, 104 білім нысаны, 30 денсаулық нысаны, 35 мәдениет нысаны және шаруашылық субъектілерін құрайды.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысы әкімінің гранты — жастардың сапалы білім алуына жол ашатын үлкен мүмкіндік

    Фариза

    Жан Ахмадиев Алтынбек Сәрсенбайұлының өліміне кім кінәлі екенін айтты

    Фариза

    Қызылордада «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 153 жоба іске асырылады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    four × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.