16 C
Алматы
Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада медицина саласының қызметкерлері «Халық алғысы» медалімен марапатталды

    Қызылордада медицина саласы қызметкерлерінің коронавирус инфекциясымен күрестегі еселі еңбектері үшін облыс әкімінің орынбасары Н. Байқадамов медицина қызметкерлеріне «Халық алғысы» медалін табыстады.

    Сыр өңірінде 17 647 медицина маманы жұмыс жасайды. Аймақта «COVID-19» инфекциясына қарсы күрес шараларына тартылған, жұқтырған және қайтыс болған медицина қызметкерлерін қаржылық қолдау мақсатында үстемеақы мен жәрдемақы төленуде. Наурыз, сәуір, мамыр, маусым айларына барлығы 1 млрд. 117,6 млн. теңге, ал, шілде айына барлығы 3394 қызметкерге 943,4 млн. теңге үстемеақы берілді.

    Қызмет барысында коронавирус инфекциясын жұқтырған медицина қызметкері анықталып, олардың 123-не (115 жұқтырған, 8 қайтыс болған), бір реттік жәрдемақы төлеу ұсынылды. Бүгінде олардың 55-іне жәрдемақы төленді.

    Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша Мемлекеттік наградамен өңірімізде 23 әріптестеріміз марапатталды. 8-нің марапаты отбасына берілді.

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша күз мезгілінде пандемияның келесі кезеңі күтіледі деп жоспарлануда. Президент тапсырмасына сәйкес Қызылорда облысында пандемияның күзгі легіне жан-жақты дайындық жұмыстары жүргізілуде.

    Аурухана, емхана және дәріханаларда бір ай және екі айлық дәрі-дәрмек қорлары жасақталуда. Жеке қорғаныш құралдары мен медициналық құрылғылармен жабдықтау жалғасуда.

    Бүгінгі таңда жалпы құны 6 млрд. теңге болатын модульді 200 орындық инфекциялық-стационардың құрылысын қолға алынды. Ағымдағы жылы республикалық және жергілікті бюджет есебінен облыста жалпы құны 7,8 млрд. теңге болатын, 5 нысанның құрылысы жүргізіледі.

    қатысты посттар

    Біздің елде әлі күнге қуғын-сүргін құрбандарына бір минуттық үнсіздік құрметі көрсетілмейді

    Фариза

    Қызылорда: Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында 18 мәселе қаралды

    Фариза

    “Қазақтардан кешірім сұраймын!”. Божко өз сөзіне өкінетінін мәлімдеді

    Фариза