15 C
Алматы
Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қазалы ауданында 150 орындық клубтың құрылысы жүріп жатыр

    Жақында ғана Қазалы ауданына қарасты Ақсуатта жаңа балабақша пайдалануға берілді. Бүгінде ол нысан ел игілігіне қызмет етіп тұр. Енді міне, көп уақыт өтпей-ақ ауылда тағы да бір іргелі әлеуметтік нысанның құрылысы аяқталуға жақын.

    Бүгінгі таңда Майлыбас ауылдық округінің орталығы – Ақсуат ауылында 150 орындық клубтың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бұл жобаның жүзеге асуына «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының септігі мол. Бағдарлама аясында құрылысқа қажетті қаржы бөлінді.

    Соның нәтижесінде құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын қалды. Бас мердігер «Болашақ» ЖШС құрылысшылары мәдениет ошағының құрылысын мерзімінен бұрын, яғни жыл соңына дейін бітіруді жоспарлап отыр.

    қатысты посттар

    «Егер қазақ тілі болмағанда, әлi де ағаш ұстасы болып жүрер ме едім…» – Максим Рожин

    Бас прокурор қаңтар оқиғасы туралы: Түпкі мақсат билікті күшпен басып алу болды

    Фариза

    “Халық санының өсуі тоқал-моқал секілді “шыжың байталға” қарап қалып па?

    Пікір қалдыру

    17 + 8 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.