-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысында екі ірі жобаның құрылысы басталды

    Қызылорда облысында ірі жобалар жүзеге асуда. Бүгінде екі жобаның құрылысы басталды. Олар – «Qazaq Camel» ЖШС-нің Түйе сүтінен жасалған құрғақ ұнтақ зауыты мен «Аралтұз» АҚ-ның қуаттылығы жылына 120 мың тонна тұз өндіретін үшінші испан цехы.

    Бұл жобаларға мемлекеттік қолдау шарасы ретінде индустрияландыру аймағынан 1,5 га жер телімі беріліп, зауыт құрылысы 85%-ға аяқталған.

    «Индустриялық жобаларға келетін болсақ, индустрияландыру бағдарламасының үшінші бесжылдығы аясында облыста құны 551,2 млрд.теңгені құрайтын импорт алмастыратын, бәсекеге қабілетті өнім шығаруға 23 жобамен жұмыс жүргізілуде. Бұл жобалар арқылы 6,4 мың жұмыс орны қарастырылған. Осы жобалар аясында 37 млрд.теңге көлемінде инвестиция игерілетін болады. Биылғы жылы облыста аталған бағдарлама аясында жалпы құны 2,1 млрд.теңгені құрайтын 2 жобаның іске қосылуы жоспарлануда. Олар, Арал ауданындағы балық сүбесін өңдеу цехы, Қармақшы ауданындағы құс фабрикасы», – дейді облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Еламан Жолмырза.

    Сонымен қатар, жыл соңына дейін «Арал Сода» ЖШС-нің Кальциленген сода өндіру зауыты мен «ABK Prom Service» ЖШС-нің жоғары қысымды шыны пластикалық желілік және сорғы-компрессорлық құбыр зауыты құрылыстарын бастау жоспарлануда. Оларға мемлекеттік қолдау шарасы ретінде индустриялық аймақтан 7 га жер телімі беріліп, бүгінгі күні құрылыс жұмыстарына дайындық жүргізілуде.

    қатысты посттар

    Қызылорда: Қала күнінде 20 тұрғын жаңа пәтерге ие болды

    Фариза

    «Айына 45 мың беріп отырасыңдар»: Түркістан облысында шенді полицейдің әңгімесі әлеуметтік желіде тарап кетті

    Фариза

    Қызылорда облысында эпидемиологиялық маусымға дайындық басталды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.