11 C
Алматы
Жексенбі, 28 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Алматыда дабыл белгісі іске қосылады

    25 ақпанда Алматыда дабыл (сирена) белгісі іске қосылады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі  zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Қаланың төтенше жағдайлар бөлімінің хабарлауынша, бұл жоспарлы тексеру жұмысы болып табылады.

    2021 жылы 25 ақпанда сағат 12.55-те Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қоғамдық ескерту жүйесінің дайындығын жоспарлы техникалық тексеруден өткізеді. Жаттығу кезінде: “Назар аударыңыздар!” хабарламасымен бірге электронды дабыл іске қосылады. Оған қоса, телерадиоарналардың жұмысы автоматты түрде тоқтатылып, дабыл хабарламасы таратылады, деп хабарлайды құзырлы ведомства.

    Департаменттегілер Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарынан сабыр сақтауды сұрайды.

    Егер дабыл кезінде сіз үйде болсаңыз, онда:

    – радиоқабылдағышты немесе теледидарды қосыңыз;
    – төтенше жағдай туралы хабарламаны тыңдаңыз;
    – берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.

    Егер дабыл кезінде көшеде болсаңыз, онда:

    – көшедегі дауыс зорайтқыштармен және мобильді ескерту құрылғыларымен жіберілген төтенше жағдай туралы хабарламаға құлақ асыңыз;
    – берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.

    қатысты посттар

    Елордалық гарнизонда ПТР-зертханасы ашылады

    Фариза

    “Қанға бөккен адамдардың денесі жатқан” Үйлену той кезінде жарылыс болды

    Қызылорда: Жалағаш кентіндегі көшелерді жөндеуге 322 жұмыссыз тұрғын тартылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    8 + five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.