20 C
Алматы
Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    ҚЫЗЫЛОРДАДА 43482 АДАМҒА ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫ БЕРІЛДІ

    Өңірде 57708 адам 42500 теңге көлемінде қосымша әлеуметтік жәрдемақы алуға жүгінді. Оның ішінде, шілде айында 43482 азаматқа көмек көрсетілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы
    Талғат Дүйсебаев баяндады.

    Әлеуметтік төлем жұмыстарын жүргізу үшін облыстық, аудандық және қалалық деңгейде өтініштерді қарайтын арнайы штабтар жұмыс жасауда. Біржолғы төлем шілде айына ақысыз еңбек демалысына жіберілген немесе табысынан айырылған тұлғаларға бір рет тағайындалып, төленеді.

    «Біржолғы көмекті төлеу бойынша автоматты түрде жәрдемақы тағайындауға жататын азаматтарға проактивті SMS тарату жұмысы басталды. Бүгінде 33 280 азаматқа автоматты түрде SMS жолданып, табысынан айырылғандығын растау жұмыстары жүргізілуде»,-деді Айдын Қайруллаев, “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры.

    Сондай-ақ, жеке кәсіпкерлікте жұмыс істеп, ақысыз еңбек демалысына жіберілсе онда өтінімді жұмыс беруші жолдауы қажет. Әлеуметтік төлем алуға өтінімді eGov электронды үкімет порталы мен 42500.enbek.kz вебсайты және Telegram-бот, kaspi.kz, HomeBank мобильді қосымшалары арқылы онлайн түрде жолдауға болады. Жалпы мобильді қосымшалар мен вебсайттар арқылы 29 128 өтінім келіп түскен.

    «Жұмысынан айырылу жағдайына арналған төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы ҚР халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыссыз ретінде тіркелгеннен күннен бастап тағайындалады»,-деді Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директорыГүлсім Денеева.

    қатысты посттар

    “Біз үнсіз қалмауымыз керек” – Министр Ермекбаев жемқорлыққа байланысты мәлімдеме жасады

    Теңізді өлкеде 604 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда

    Фариза

    Жүйелі жұмыс жүргізе алмаған бірқатар басшыларға қатаң ескерту жасалып, сөгіс жарияланды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.