15 C
Алматы
Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысында шаруалар арзандатылған жанармаймен қамтамасыз етіледі

    Қызылордада күзгі егінді жинау және дала жұмыстарын жүргізу үшін мемлекет тарапынан 12 514 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сейілбек Нұрымбетов мәлімдеді.

    «Қазір дизель отынының 788 тоннасы облысқа жеткізілді, оның 275 тоннасы шаруашылықтарға таратылды. Қалған бөлігі қазан айына дейін әкілінеді. Сондай-ақ, шаруашылық құрылымдары агротехникалық талаптарға сай ауыл шаруашылығы дақылдарын күтіп баптау жұмыстарымен айналысуда. Бұған қоса, облыста 8,33 гектар болатын 24 жылыжай жұмыс жасауда. Өткен жылы Шиелі ауданында 0,7 гектарды құрайтын 10 жылыжай пайдалануға берілсе, биыл шаһарда 2,2 гектар «КазАгроМир» ЖШС-нің заманауи автоматтандырылған жылыжай кешені толықтай іске қосылды», – деді сала басшысы.

    Сонымен қатар, облыста 6 тонна өнім жиналып, ішкі нарықты қияр өнімімен қамтамасыз етуде. Мұнан өзге, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайту бағытында да тиісті жұмыстар жүргізілуде.

    қатысты посттар

    БЖЗҚ салымшылары алаяқтардың фишингтік шабуылдарына ұшырады

    Фариза

    Қызылорда облысында күзгі егін жинау жұмыстары жалғасуда

    Фариза

    Бердібек Сапарбаев: Шіріген бай болсам, бес облысты басқармас едім

    Фариза

    Пікір қалдыру

    18 − 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.