9 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    БЖЗҚ салымшылары алаяқтардың фишингтік шабуылдарына ұшырады

    БЖЗҚ салымшылары алаяқтардың фишингтік шабуылдарына ұшырағандары туралы хабарлай бастады. Алаяқтар жіберетін хаттарда белсенділігі күдік тудыратын сайттарға сілтемелер тіркеліп, зейнетақы жинақтарын мақсатты пайдалануға рұқсат берілгендігі айтылады.

    Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-дағы (қазіргі «Отбасы банкі» АҚ) арнайы шотқа аудару туралы» деген мазмұнға ие жіберілімдер жасамайтынын ресми түрде мәлімдейді.

    БЖЗҚ сонымен қатар салымшыларға (алушыларға) біржолғы зейнетақы төлемдерін аударуға қатысты ешқандай хабарлама жібермейді және салымшының ешқандай дербес деректерін сұрамайды.

    БЖЗҚ бейтаныс сайттарға күдікті сілтемелер бойынша өтпеу туралы ұсыным жасап, қатаң ескертеді. Ақпаратты тек БЖЗҚ-ның www.enpf.kz ресми сайтында және уәкілетті операторлар болып есептелетін банктердің интернет-ресурстарында тексеру қажет.

    Анықтама:

    • Фишинг – мақсаты пайдаланушылардың құпия деректері — логиндер мен парольдерге қол жеткізу болып табылатын интернет-алаяқтықтың бір түрі. Құпия деректерге танымал брендтер атынан электрондық хаттарды жаппай тарату, сондай-ақ, түрлі сервистер, мысалы, банктер атынан немесе әлеуметтік желілер ішінде жеке хабарламалар жіберу арқылы қол жеткізіледі. Хатта көбінесе осы сайттан сырт қарағанда еш айырмашылығы жоқ сайтқа немесеқайта бағыттау сайтына тікелей сілтеме болады. Пайдаланушы жалған парақшаға кіргеннен кейін, алаяқтар әртүрлі психологиялық әдістермен қолданушыны жалған парақшаға өзінің белгілі бір сайтқа кіру үшін пайдаланатын логині мен паролін енгізуге итермелеуге тырысады. Бұл алаяқтарға жеке аккаунттар мен банктік шоттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

    қатысты посттар

    Жалағаш ауданында залалсыздандыру жұмыстарына 2 млн теңге бөлінді

    Фариза

    Арал ауданында дәрі-дәрмек бағасы тұрақты

    Фариза

    Қызылорда облысында маңызды жобалар жүзеге асырылады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.