19 C
Алматы
Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысында мал шаруашылығы қарқынды дамуда

    Қызылорда облысында мал шаруашылығы қарқынды дамуда. Бұл туралы
    облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сейілбек Нұрымбетов
    мәлімдеді.

    Оның айтуынша, бүгінгі күні облыста мал шаруашылығы саласын мемлекеттік
    қолдаудың және инвестициялық жобаларды жеңілдетілген несиелендірудің арқасында мал
    шаруашылығы саласының өсу динамикасы қалыптасып, мал басы мен өндірілген өнім
    көлемі артуда.

    Ағымдағы жылдың 6 айында облыс бойынша мал шаруашылығы саласының
    жалпы ішкі өнім өндірісі 23,1 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен
    салыстырғанда 2,2%-ға өсті. Оның ішінде жылқы мен құс өнімінің өндірісі жоғары.
    Мал шаруашылығын мемлекет тарапынан қолдау мақсатында

    2020 жылға облыстық бюджеттен 2 432,1 млн. теңге қаржы бөлініп, 1500 млн. теңге
    субсидиялау қаржысы 625 шаруашылыққа төленді.

    Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан
    мал шаруашылығы саласын субсидиялаудың жаңа ережесі бекітілді. Ережеге бірқатар
    өзгерістер енгізіліп, асыл тұқымды қой сатып алудың, оларға жүргізілген селекциялық
    және асыл тұқымдық жұмыстарының әр басына берілетін субсидиясы көтерілді.
    Қызылорда облысы әкімдігі тарапынан қағиданың жаңа өзгерістеріне сәйкес Ауыл
    шаруашылығы министрлігіне республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлу туралы
    бюджеттік өтінім ұсынды.

    Биыл «Сыбаға» бағдарлама аясында облысқа 288 бас асыл тұқымды шет елдік
    мүйізді ірі қара малы жеткізілді. Оның ішінде 80 бас малды жеке кәсіпкер «Қуанышбаева»
    алса, 128 – «Парадин», 80 – «Ерасыл» шаруашылықтарына берілді. Сонымен қатар 6105
    бас отандық қой малдарын сатып алу бағытында жұмыстар жүргізілуде.

    қатысты посттар

    Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше жағдайлары туралы

    Фариза

    Қызылорда облысында өрт қауіпсіздігі бойынша 115382 тұрғынға кеңес берілді

    Фариза

    Белгілі қызылордалық кәсіпкер Сырдария ауданына өкпені жасанды желдету аппаратын алып берді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one + 12 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.