19 C
Алматы
Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Белгілі қызылордалық кәсіпкер Сырдария ауданына өкпені жасанды желдету аппаратын алып берді

    Қызылорда облысының Сырдария ауданында коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші төмендегенімен, бұл індеттің түбегейлі жойылғанын білдірмейді. Керісінше, әлем елдерінде екінші толқын басталып жатқан тұста сақтық шараларын қатаң сақтау қажет.

    Ауданда қауіпті індет жұқтырғандар саны көбейгенде жанашыр азаматтар барынша қолдау көрсетті. Қажетті медициналық құрылғыларды жеткізіп беріп, жұқпалы кеселмен күресте көмек қолын созды. Сол кезеңдерде «Абзал және К» ТС де игі іске үн қосып, жанашырлық танытты. Соның жалғасы ретінде Мағжан Ералиев бастаған толық серіктестік ұжымы аудандық ауруханаға өкпені жасанды желдету аппаратын (ИВЛ) жеткізіп берді. Аудандық ауруханаға медициналық құрылғы алып берген жанашыр азаматқа аудан әкімі Руслан Рүстемов алғыс білдірді. Облыс төңірегіндегі беделді компанияның ауданға жасап жатқан қызметін атап өтіп, жұмыстарына табыс тіледі.

    Өз кезегінде «Абзал және К» ТС-нің директоры Мағжан Ералиев ауданға әркез қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

    «Облысқа 20 млн теңгеге өкпені жасанды желдету аппаратының 5-ін алдырдық. Оның 4-ін облыс орталығына берсек, біреуін Сырдария ауданына жеткізіп отырмыз. Медициналық аппарат қозғалмалы, қолдануға ыңғайлы. Оған қоса, аудандық ауруханаға заманауи теледидарды сыйға беріп, жергілікті алма өнімін де әкелдік. Жалпы біз әлеуметтік көмек көрсету шараларына әркез қолдау білдіреміз»,дейді серіктестік директоры.

    Жанашыр жандарға ауданның медицина қызметкерлері де ризашылықтарын білдірді.

    қатысты посттар

    Қызылордада 51 мыңнан астам кәсіпкер салықтық жеңілдікке қол жеткізді

    Фариза

    Қызылорда қаласының дәріханаларына 400 қорап дәрілік заттар жеткізілді

    Фариза

    Қазақстанда Конституциялық сот құрылатын болды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    sixteen − 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.