5 C
Алматы
Жексенбі, 28 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкент: 2000 мыңнан астам көше залалсыздандырырылады

    Бүгін Шымкентте қала әкімі М.Әйтеновтың тапсырмасына сәйкес, жалпықалалық ауқымды дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстарға барлығы 94 арнайы техника жұмылдырылып, 170 («Шымкент жасыл қала» -50, Әскери қызметшілер — 40, сервистік мекемелер — 80) су бүріккіш жабдық, 5 тонна хлор ерітіндісі, 600 литр сірке қышқылы әзірленіп, пайдаланылуда.

    Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті тарапынан 27 дана техника жұмылдырылды. Оның ішінде, Абай ауданы — 7, Әл-Фараби ауданы — 6, Еңбекші ауданы — 7, Қаратау ауданы — 7 техника дезинфекция жұмысын атқарып жатыр.

    Сонымен қатар, орталық көшелерді арнайы мамандандырылған мекемелер техникалармен, ал демалыс орындары,көпқабатты тұрғын үйлердің ауласы, ойын алаңшалары, ішкіорамдық көшелерді әскери қызметшілер мен сервистік мекеме жұмысшылары су бүріккіш жабдықтармен залалсыздандыруда.

    Аталған іс-шарда жалпы 2 000 астам көше, 1147 аялдама, 45 көпшілік демалыс орындары (саябақ, гүлзарлар) және 2171 көп қабатты үй аулалары толығымен қамтылады. Қала аумағындағы барлық кәсіпкерлік нысандарды дезинфекциялау нысан иелерімен келісім негізінде атқарылады.

    Фариза Жандар

    қатысты посттар

    Қызылорда: Бизнес өкілдері МӘМС жарналарынан келесі жылға дейін босатылған

    Фариза

    Қызылордада автомобиль жолдарын жөндеуге 20 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

    Фариза

    Б. Сапарбаев: әкімдер вакцинация мәселесіне жауапкершілікпен қарауы тиіс

    Фариза

    Пікір қалдыру

    19 − 18 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.