21 C
Алматы
Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкент: Мұрат Әйтенов азаматтарды онлайн қабылдады

    Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов карантин шараларын ескере отырып, қала тұрғындарының жеке сұрақтары бойынша онлайн қабылдау өткізді, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

    Қашықтықтан өткен қабылдауда шаһар тұрғындары тұрғын үй, коммуналдық сала мен әлеуметтік төлем алу және инфроқұрылым, медициналық көмек пен шағын кәсіпкерлікті қолдау мәселесін көтерді. Жиырмаға жуық қала тұрғындарының өтініштерін тыңдаған Мұрат Әйтенов айтылған мәселелер қолданыстағы заң аясында қаралып, осының негізінде көмек көрсетілетінін алға тартты. Бұдан бөлек, мемлекет тарапынан беріліп жатқан әлеуметтік көмектерді алу тәртібі мен кәсіпкерлікті қолдау бойынша жүргізіліп жатқан бағдарламалар туралы түсіндіріп өтті.

    Сондай-ақ, қала басшысы карантин шараларын қатаң сақтауды айтып, ертең, жалпықалалық дезинфекциялау шарасын өткізу жоспарланып отырғанын жеткізді.
    Айта кетейік, қала әкімі карантин басталғаннан бері азаматтарды қабылдауды тоқтатқан болатын. Бүгіннен бастап тұрғындарды қабылдау онлайн-форматқа ауыстырылды.

    Фариза Жандар

    қатысты посттар

    Шымкент: Қала әкімі жолдауға орай орынбасарларына тапсырма берді

    Фариза

    Үкімет басшысы әлеуметтік азық-түлік тауарларының бағасын реттеудегі Жамбыл облысының тәжірибесін үлгі етті

    Фариза

    Білім күніндегі салтанат

    Пікір қалдыру

    nine − 7 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.