12 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Білім күніндегі салтанат

    Биылғы жаңа оқу жылында Әулиеата өңірінде 450-ден астам мектепте алғашқы қоңырау соғылды. Облыс бойынша 222 мыңға жуық оқушы мектепке барды. Оның 27 мыңнан астамы 1- сынып оқушылары. Күні кеше білім күнінде аймақта жаңадан 5 мектеп пайдалануға берілді. Соның бірінің ашылу салтанатына облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың өзі қатысты.

    Ол пайдалануға берілген Жамбыл ауданы Бірлесу-Еңбек ауылындағы 140 орындық орта мектеп. Білім күніне орай ашылған оқу ордасының Алғашқы қоңырауы салтанатты түрде соғылған сәтте жүздері бал-бұл жанған балалардың көзінен қуанышты бірден аңғаруға болады. Бірлесу-Еңбек орта мектебі демографиялық өсімге байланысты орын тапшылығын жою мақсатында жаңадан бой көтеріп отыр. Жаңа білім мекемесінде балалардың сапалы білім алуларына барлық жағдай жасалған. Білім мекемесінің ашылуына қатысқан аймақ басшысы, ұстаздар мен оқушыларды мерекемен құттықтады.

    Аталған мектепте 18 оқу қабинеті, спорт залы, мәжіліс залы, асхана, 2 компьютерлік сынып, робототехника және жаңа модификациялық кабинеттер бар. Биыл мектепте 250 оқушы 2 ауысымда оқымақ. Онда 39 педагог қызмет етсе, оның 12,5 пайызы жас мамандар. Алдағы уақытта аймақтағы басқа аудандарда жаңа білім ұялары пайдалануға берілмек. Жаңадан ашылған нысандарда мектеп оқушылары келген қонақтарға концерттік бағдарлама тарту етті. Жамбылдықтар жаңа оқу жылын жаңа леппен бастамақ. Өңірде жыл сайын жаңа мектеп пен балабақшалар құрылысы қарқын алып келеді.

    Бұл бүгінгі ұрпақтың білім нәрімен сусындап, өмірден өз орнын таба білетін білімді, сауатты маман болып шығуы үшін жасалған қадам. Жамбыл облысында 2019-2020 оқу жылында пайдалануға берілген 5- мектептің 1-уі үш ауысымды, 1-уі апатты және 3-уі орын тапшылығы бар мектептің мәселесін шешті. Олар Т.Рысқұлов ауданы Жалпақсаз ауылындағы 48 орындық бастауыш мектеп, Байзақ ауданы, Ақшолақ стансасындағы 120 орындық орта мектеп, Шу қаласы Тоғай алқабындағы 300 орындық орта мектеп, Меркі ауданы Қазақ-Дихан ауылындағы 120 орындық орта мектеп пен осы Бірлесу –Еңбектегі білім ордасы. Сонымен қатар биылғы жыл соңына дейін 4 нысан пайдалануға беріледі Қалған апатты және орын тапшылығы бар мектептердің құрылысын жүргізуге облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, мәселесі кезең-кезеңімен шешілетін болады.

    Биыл облыстың білім жүйесін қаржыландыруға 130 млрд. теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 22,2 млрд. теңгеге артық Оның 5,1 млрд. теңгесі білім беру нысандарының құрылысы мен күрделі жөндеуге қаралып, бүгінде 16 білім нысанының құрылысы жүргізілуде. Ал, 120 орындық Ақшолақ орта мектебі үш ауысымда жұмыс істейтін мектептің мәселесін жою мақсатында жаңадан соғылды. Білім мекемесінде балалардың сапалы білім алуларына барлық жағдай жасалған. Мектепте 17 оқу қабинеті, спорт залы, мәжіліс залы, асхана, 2 компьютерлік сынып, робототехника және жаңа модификациялық кабинеттер бар.

    қатысты посттар

    Шымкентте «109» жедел ден қою қызметі іске қосылады

    Фариза

    Шымкентте дәрі-дәрмек тапшылығын жою үшін жұмыстар жүргізілуде

    Фариза

    Тарбағатайдағы «Аманат» музейіне жаңа ғимарат салып береді

    Пікір қалдыру

    20 − ten =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.