Қаладағы 81 елдімекеннің 46-ы сапалы электрмен қамтылған, ал 35-інде сапа төмен. Соңғы 3 жылдың ішінде 9,7 млрд.теңгеге 10 елдімекенге электр желісі және 2 подстанцияның құрылысы салынған.
Қазіргі таңда, қаланың солүстік бөлігіне электр энергиясының қуаты жетіспеуде. Осы мәселені шешу үшін қуаты 220 кВ Бозарық подстанциясының құрылысы жүргізілуде. Құрылысқа жауапты мекеме — «Аврора Констракшэн» ЖШС.
Подстанцияны 2020 жылдың қазан айында пайдалануға беру жоспарлануда. Орнатылатын басты құрал жабдықтар:
— учаске аумағы — 2,01 га;
— 220 кВ автотрансформатор — 2х160 МВА;
— 220 кВ-ӘЖ ұзындығы — 29,2 км;
— 220 кВ КРУЭ – 1 жинақ;
— 110 кВ КРУЭ – 1жинақ;
Жоба аяқталса, «Тұран», «Шымкент сити», «Асар-2», «Бозарық», «Бозарық-1,2,3», «Достық», «Солтүстік саяжай», «Ынтымак-2», «Батыс», «Қайнарбұлақ» шағынаудандары сапалы электр жарығымен қамтылады.
Фариза Жандар