Жұма, 3 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    «Қарапайым заттар экономикасы»: Жамбыл облысында 75 млрд теңгеге 177 жоба мақұлданды

    Жамбыл облысындағы гофрирленген картон, қағаз және картон ыдыстарын өндірумен айналысатын «KazStoneBox» ЖШС-ын «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында өңірдегі Кәсіпкерлер палатасы қаржыландырған.
    Байзақ ауданында орналасқан компания ісін бүгінде жолға қойылып үлгерген.

    «Қазір гофротараны алудың баламалы тәсілдері өте өзекті болып отыр, сондықтан біз әктастан қаптама тарасын дайындауға қызығушылық таныттық. Гофрленген картон өндірісі 75 %-ға кальций карбонатынан және 25 %-ға полимерлер қосылған уытты емес шайырдан тұрады. Гофрокартон өндірудің бұл технологиясы ноу-хауды қолданған бірегей жоба болып тұр. Бұған посткеңестік кеңістікте аналог жоқ», – дейді ЖШС директоры Берік Үмітқалиев.

    Жоба индустрияландыру және инвестициялар саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай жобаларының тізбесіне кіреді. Көлемін 40 тоннаға дейін ұлғайту мақсаты бар экологиялық таза өндіріс, 160 адамға дейін жаңа жұмыс орындарын құру, жергілікті және республикалық бюджеттерге салық аударымдарын елеулі толықтырмақ ниетте.

    «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында «Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ 1,7 млрд теңге сомаға компанияның өтінімін мақұлдады және «Forte Bank» АҚ арқылы біз ақша алдық. Бұл қаражат жабдықтарды алуға, құрылыс және монтаждау жұмыстарына жұмсалды. Қазіргі уақытта минералды шикізатты ұсақтау және ұнтақтау желісі үшін ғимарат салу бойынша жұмыс жалғасып, шикізат пен дайын өнімге арналған қойма үй-жайлары салынып жатыр. Толық циклды зауытты 2022 жылдың басында іске қосамыз», – деді зауыт директоры.

    Зауыттың заманауи жабдықтары тұтынушылардың тапсырысы бойынша буып-түю ыдысының барлық түрлері мен нысандарын шығаруға мүмкіндік береді. Қазақстанда және көрші мемлекеттерде буып-түю материалдарының өткір тапшылығы өнімнің кепілді өткізілуін қамтамасыз етпек. Сондай-ақ, осы тауардың импортына тәуелділікті төмендетуге ықпал етеді.

    «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының арқасында 2019 жылдан бері жамбылдық 177 компания 75 миллиард теңге қаржылық қолдау алған. 3058 жұмыс орнын құру жоспарлануда, ал салық төлемдері 20 млрд теңгеден асады деген болжам бар. Бұл туралы Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының жобаларды сүйемелдеу бөлімінің сарапшысы Нағима Молдахметова айтты.

    қатысты посттар

    С. Дәулеталин – Шымкентте: Кәсіподақтардың басты талабы – жұмыс орындары мен қауіпсіз еңбек жағдайын сақтау

    Фариза

    Жамбылдық үздік мұғалімдер марапатталды

    Фариза

    Қосалқы шаруашылық – қыруар табыс (видео)

    Пікір қалдыру

    5 + 10 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.