13 C
Алматы
Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте дәріханалардың жұмысына мониторинг жүргізу жұмыстары күшейтілді

    Шымкентте дәріханалардың жұмысына мониторинг жүргізу жұмыстары жалғасуда. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бірқатар дәріханаларда болып, дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесін шешу бойынша мониторинг жұмыстарын өзі бақылады.

    – Қалада 730 дәріхана бар. Оның 60 пайызы үлкен, қалғаны кіші дәріханалар. Аталған дәріханаларға дәрі-дәрмек жеткізу қоры жеткілікті. Осы орайда дүрлігіп, рецептсіз босатылған дәрілерді тым артық сатып алып жатқан қала тұрғындарын сабырға шақырамын. Бүгінгі күні біздің мамандар тәулігіне 24 сағат жұмыс істеуде. Сол себепті, жағдайды қалыпты деңгейде ұстаймыз, — деді.

    Шаһар басшысы тұрғындарды қажетті препараттармен қамтамасыз етуде жауапты мамандарға дәрі-дәрмектердің қоймадан қанша алынып, қаншасы дәріханаларға жеткізілгеніне дейінгі жұмыстардың барлығына сараптама жасап отыруға тапсырма берді.

    Фариза Жандар

    қатысты посттар

    Жамбылдағы пилоттық жоба аясында АӘК алушылар азайған

    Фариза

    Тараздағы ерекше тарту немесе қос қуаныш

    Екі апта жансақтау бөлімінде жатқан тараздық тұрғындарды екпе алуға шақырды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eight − three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.