13 C
Алматы
Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылорда облысында қатаң шараларға қарамастан азаматтар той жасауын тоқтатар емес

    Қызылорда облысында бүгінгі күні қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған қатаң шараларға қарамастан карантин режимін бұзу, туыстарын жинап, той жасап жатқан азаматтар саны азаяр емес.

    Ағымдағы жылдың 05 шілдесінен бастап жарияланған карантин шектеулерінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында мониторингтік мобильді топтармен оның ішінде, жергілікті атқарушы органдар, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, еріктілер, қоғамдық көмекшілер, бұқаралық ақпарат құралдарымен бүгінгі күнге дейін 758 құқық бұзушылық анықталды.

    Мысал ретінде, 24.10.2020 жылы сағат 17:30 шамасында Қызылорда қаласының 35 жастағы тұрғыны 60 адамды жинап, үйлену тойын өткізген.
    25 қазан күні сағат 21:00-де Арал ауданының тұрғыны баласының үйлену тойын жасап, 40-50 адам шақырған.

    Қала орталығындағы ойын – сауық орталықтарының бірінде 150 адамға арналған той өткізіліп жатқандығы белгілі болды. Бұл дерек бойынша әкімшілік хаттама рәсімделіп, тиісті шара көру үшін Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

    Сонымен қатар, осы күні Жаңақорған ауданы, Екпінді ауылының тұрғыны карантин талаптарын сақтамай, шамамен 100 (жүз) адам жинап, ұлттық ойын көкпар ұйымдастырған.

    Қазан айының 15-нен бастап Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп «Қауіпсіз қала» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

    Шара барысында тыныштықты бұзу және Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу деректері анықталып, заң шеңберінде әкімшілік хаттамалар толтырылды.

    Сондай-ақ, полицейлер қала аумағында орналасқан компьютер клубтарының бірінде түнгі мезгілде ойнап отырған 4 кәмелетке толмағанды анықтады. Олардың ата-аналарына айыппұл салынды.

    қатысты посттар

    ШҚО-да ауқымды спорт пен өнер фестивалі басталды

    Қызылорда облысында үйдегі стационар ұйымдастыруға 29,9 млн теңге бөлінген

    Фариза

    Тұрғындардың тұрмысын арттыру – бүгінгі күннің басты талабы

    Пікір қалдыру

    eleven + 8 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.