Суббота, 9 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда: «Еңбек» бағдарламасы аясында 6%-бен шағын несиелер алуға болады

    Ағымдағы жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты аясында
    шағын несиелеуді жүзеге асыруға Қызылорда облысы үшін республикалық бюджеттен 3
    353,1 млн теңге қарастырылды.

    Оның ішінде 3 103,1 млн теңгесі ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда
    шағын несие беруге бағытталса, ал Қызылорда қаласында несиелендіру үшін 250 млн
    теңге бөлінді.

    Жыл басында ауылдық елді мекендер мен шағын қалалар үшін қарастырылған
    қаражаттың бөлігі «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «Ауыл шаруашылығын
    қаржылай қолдау қоры» АҚ орналастырылған болатын. Қазіргі таңда шағын кәсіпкерлік
    субъектілерінің 127 жобасына жеңілдетілген шағын несиелер берілді.
    Қаржыландыру жоспарына сәйкес Қызылорда қаласында шағын несиелер беру
    ағымдағы жылдың шілде айынан басталды. Бүгінгі күні қарастырылған қаражат «Ауыл
    шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на аударылды.

    Бағдарлама аясында шағын несиелер кәсіпкерлерге 6,5 мың АЕК
    (18 057 000 теңге) дейін жылдық 6 пайызбен беріледі. Бұл ретте аталған сыйақы
    мөлшерлемесі көп балалы және аз қамтылған отбасылар үшін жылына 4%-ға дейін
    төмендетілген.

    қатысты посттар

    Роза Рымбаева мен Төреғалидың отбасында болған тойға байланысты тексеру жүргізіліп жатыр

    Фариза

    Сот Дикий Арманды қамауға алу мерзімін ұзартты

    Фариза

    Қызылордада карантин режимі күшейтілді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five + 9 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.