21 C
Алматы
Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызметінен босатылған шенеунік әділет вице-министрі болып тағайындалды

    Азамат Әмірғалиев Қазақстан әділет министрлігінің вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі.

    «Мемлекет басшысының жарлығымен Әмірғалиев Азамат Халимеденұлы Қазақстан Республикасы әділет министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды», – делінген сейсенбідегі хабарда.

    Әмірғалиев 2019 жылдың наурызынан бері әділет министрлігінің жауапты хатшысы болды және 27 қазанда қызметінен босатылды. Бұған дейін 2017 жылдың қаңтарынан бастап президент істері басқармасының аппаратын басқарған, оның алдында 2011-2017 жылдары президент істері басқармасының заң бөлімінің меңгерушісі болған.

    Еске салсақ, 1 қыркүйекте ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын жариялаған кезде «жауапты хатшылар институтын таратып, олардың қызметтерін министрлік аппараттарының басшыларына жүктеу қажеттігін» айтқан еді. Мемлекет басшысының айтуынша, «сұраныс бір адамнан болуы тиіс – президент тағайындаған министрден».

    қатысты посттар

    ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНДЫҚ АУРУХАНАҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

    Фариза

    20-21 маусым аралығында шектеу шаралары күшейеді. 6 қалада сауда үйлері жабылып, базарлар жұмысын тоқтатады

    Фариза

    “Сөзіңе жауап бересің” – Әкім блогерге жазған жауабын түсіндірді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    sixteen − 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.