Жұма, 3 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Сырдария ауданында ауыл тұрғындарының өтініші орындалатын болды

    Сырдария ауданына қарасты Шаған ауылының көше жолдарын жөндеу кезең-
    кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Қазіргі таңда ауылдағы Қ.Мыханова көшесінің жолы
    жөнделу үстінде. Одан бөлек елді мекендегі 7 көшені орташа жөндеуге жобалық сметалық
    құжат дайындалған.

    Осы ретте ауылға кіреберістегі Жүсіпәлі Омаров көшесінің тұрғындары жолды
    жөндеп беруге өтініш білдірген. 62 отбасы тұратын көше «Батыс Қытай – Батыс Еуропа»
    автодәлізімен түйіседі. Көшенің ұзындығы 1,4 шақырымды құрайды. Бұл көшенің
    бойында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында балалар ойын алаңы
    салынуда. Жобаның құны – 5,6 млн теңге. Құрылысты «Мұрат құрылыс и К» мердігер
    компаниясы жүргізуде. Бүгінде ойын алаңы жобасының құрылысы аяқталуға жақын.
    Қазіргі таңда аталған көшенің жол сапасы сын көтермейді. Сондықтан да көше
    тұрғындары қысы-жазы жол азабын тартуда. Балшықты күндері балалардың мектепке
    қатынауы да тұрғындар алаңдаушылығын тудырған. Осыған байланысты Сырдария
    ауданының әкімі Руслан Рүстемов Шаған елді мекеніне барып, аталған көшені көрді.
    Көше тұрғыны, еңбек ардагері Зұлқарнай Тасбергенов бұл жерге кеңестік кезеңде
    тас төселгенін айтты. Содан бері жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Еңбек ардагері
    көшеге жарық жүргізілгендігін атап, ендігі кезекте жол мәселесін шешіп беруге ықпал
    етуді жеткізді.

    Жарықтандырылған көшенің жолы жөнделсе, осы көшемен жүретін шаруашылық
    бригадаларының егістікке қатынауы жақсарады. Сондай-ақ ауылдың кіреберісінде
    кептеліс азаяды. Ең бастысы, көше тұрғындары жол азабынан құтылады.
    Көшені басынан аяғына дейін жүріп көрген аудан әкімі жолды жөндеуден
    өткізуге қатысты тұрғындар өтініші ескерілетінін атап, аудан әкімінің орынбасарына
    тиісті құжаттарды дайындауға нақты тапсырма берді.

    қатысты посттар

    Қазақстандық қызды зорлады деген ресейліктер айыпталуда

    Қызылордада суық су бағасы арзан

    Фариза

    Ақтөбеде депутат өзін ақымақ деген ер адамды сотқа берді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twenty − 19 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.