19 C
Алматы
Сейсенбі, 21 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Сырдария ауданы: Сейфуллин ауылында 6 көше жөнделеді

    Сырдария ауданының Сәкен Сейфуллин ауылында «Жұмыспен қамтудың жол
    картасы» бағдарламасы аясында 6 көшеге бірдей жөндеу жұмыстары жүргізілмек.
    Ауылдағы бұл көшелерді жөндеуге барлығы 105,1 млн теңге қарастырылған.

    Сейфуллин ауылының ішкі көшелеріне орташа жөндеуді «Дарен Строй Сервис»
    ЖШС жүргізуде. Жұмысқа 26 адам (оның ішінде, 13 адам халықты жұмыспен қамту
    орталығы арқылы), 10 техника жұмылдырылған.

    Мердігер мекеменің директоры Д.Мұхамедияровтың айтуынша, жөндеу
    жұмыстары барлық технологиялық шарттар мен кестеге сәйкес жүргізіліп, барлығы
    белгіленген мерзімде аяқталмақ.

    Сондай-ақ, мердігер мекеменің демеушілігі есебінен ауылдың Шортанбай би
    көшесінің соңғы 400 метр бөлігі тегін жөнделетін болып шешілген.
    Айта кету керек, биыл Сырдария ауданы бойынша «Жұмыспен қамтудың жол
    картасы» бағдарламасы аясында автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарына барлығы
    919,0 млн теңге бөлінді. Оның ішінде, аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент-
    Жаңадария» автомобиль жолының 10-25 шақырым аралығын орташа жөндеуге 389,9 млн
    теңге, Тереңөзек кентінде 5 көшені, Шіркейлі ауылында 6 көшені, Айдарлы және Шаған
    ауылдарында 1 көшеден орташа жөндеуге 529,1 млн теңге бөлінді. Бүгінгі күнге барлық
    жобалар бойынша мердігер мекемелер анықталып, құрылыс-монтаж жұмыстары басталып
    кетті. Аталған жобалар шеңберінде халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы барлығы
    88 азаматты жұмыспен қамту көзделген.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысынан Ресейге қарбыз жөнелтілді

    Фариза

    Қызылорда облысында мобильді бригаданың саны 161-ге артты

    Фариза

    Алматыда 45 мың ит пен мысыққа чип салынады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    13 + twenty =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.