26 C
Алматы
Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТТЕН ЕЛІМІЗДІҢ 9 ҚАЛАСЫНА ҰШАҚПЕН БАРУҒА БОЛАДЫ

    Шымкенттен «Fly Arystan» қазақстандық лоукостерімен Қазақстанның 9 қаласына ұшып баруға болады. Бүгінде  компания Қазақстан ішіндеұшу сапарларын қолжетімді етіп отыр.

    Мәселен, 13 мамырдан бастап қалада ішкі әуе рейстері ашылған болатын. Шымкент қаласынан Атырау мен Ақтау қалаларына билет бағасы 9999 теңгеден басталады. Ақтөбеге 8999 теңгеден басталатын рейстері бар. Алматыға билеттері 4999 теңгеден басталса,  Нұр-Сұлтанға 6999 теңгеден басталатын рейстер күнделікті орындалып жатыр.

    Бұлардан өзге, әуе компаниясы 15 шілдеден бастаптағы 4 жаңа бағытты іске қосады.

    15 шілдеден:

    – Қостанайға аптасына 2 рет, бағасы 7999 теңгеден басталады.

    1 тамыздан:

    – Қарағандыға аптасына 3 рет, билет құны 6999 тг-ден бастап;

    Павлодарға аптасына 2 рет, билет құны 7999 тг-ден бастап;

    – Өскеменге аптасына 2 рет, билет құны 7999 тг-денбасталады.

    Эпидемиологиялық жағдайға сәйкес ұшу барысында санитарлық карантин бақылау бөлімінің мамандары жолаушыларды байланыссызтермометр арқылы тексеруден өткізеді. Сондай-ақ, жолаушылардың барлығында қолғап пен медициналық маскада болуы қажет.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Жасыл энергия – болашақтың энергиясы

    Жамбылда ауыл тұрғыны бұлақ суына 35 мың шабақ жіберіп, форель өсіруде

    Фариза

    Өңірді өркендету – ортақ міндет

    Пікір қалдыру

    two + two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.