19 C
Алматы
Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: МҰРАТ ӘЙТЕНОВ ФАРМ КОМПАНИЯ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

    Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов қаладағы фармкомпания басшыларымен  жиын өткізді. Дәрі өндірушілер, дәріханалық қойма басшылары, аптека желілерініңдиректорлары қатысқан жиын барысында шаһардағы дәрі-дәрмек төңірегінде қалыптасқан мәселе кеңінен сөз болды.

    Қаланың бас санитар – дәрігері Әбдіманап Төлебаевтыңайтуынша, шымкенттіктерді дәрі-дәрмектермен қамтамасызету және дәрілерге қойылған шекті бағаның сақталуынатауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мониторинг жүргізіп, бақылауда ұстап отыр екен. Бүгінде дәрілік заттардың 41 атауы бойынша (2 ірі дәріхана қоймасы: “НПО Зерде” ЖШС, “Ақниет” ЖШС, Шымкент қаласының 3 ірі бөлшекжелісі “EUROPHARMA”ЖШС (30 дәріхана), “Зерде Фарма” ЖШС (35 дәріхана), “Мұрат Фарма” ЖШС (27 дәріхана) 92 дәріханада дәрілік препараттарының қалдығы бар екендігіанықталып отыр. Дәрілер болмаған жағдайда дәріханаұйымдары қорларын толықтырылып жатқанын жеткізді. Күні бүгінге дейін дәрі бағаларына байланысты шектібағадан асқан жайт тіркелмеген. Егер де ондай жайтанықталған болса, департаменттің бірыңғай байланысорталығына хабарласып, чекті қоса көрсету керектігінайтады.

    Мамандардың сөзінше, ЖРВИ мен пневмонияның халықарасында кең таралуы, қала тұрғындарының дәрі-дәрмеккесұранысын арттырып жіберген. Дәріханаларға жеткізілгендәрілер 2 сағатқа жетпей  таусылып кетіп жатыр екен. Мәселен, қысқа уақыт ішінде Шымкент дәріханалары 2 айлық қордың дәрісін сатып жіберген. Десе де, қоймалардадәрілер әлі де бар. Тіпті сұранысқа ие кей дәрілерді өзіміздеөндіруге де болады.

    «Қазіргі таңда Шымкенттегі «138», «Рецепт», «ТИН» дәріханалары дәрілік ерітінділерді шығара алады. Сұраныснегізінде қызметкерлер күшейтілген күн тәртібінде жұмысжасауда. Шетелден алып келінетін дәрілердің Дәрілікқұралдарды сараптау ұлттық орталығында ұзақ уақыт тұрыпқалуда. Осы тараптан қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз» – дейді «Фарм» ассоциасының жетекшісі ХадишаДербесқызы.

    Қала тұрғындарының дәрілерді шамадан тыс сатып алуымамандарды уайымдатып отыр. Өйткені,  «парацетамол» секілді дәрілерді науқас шамадан тыс көп ішсе, ағзасынакері әсер ететін көрінеді. Жиынды қорытындылаған қалабасшысы фарм компания өкілдерін әкімдікпен бірлесежұмыс жасауға шақырды.

    «Әкімдік тарапынан қажетті көмектер көрсетіледі. Дәлқазіргі тұрғындардың жағдайына байланысты баршамызкүшейтілген күн тәртібінде жұмыла жұмыс істеуіміз керек» – деді ол.
    Г.Капал

    қатысты посттар

    Жамбыл облысында тұқым тазалайтын зауыт — оңтүстік өңірдегі бірегей жоба

    Фариза

    Шымкентте covid-19 бырыңғай ақпараттық порталы іске қосылды

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: ҚОҒАМДА ҚЫЗУ ТАЛҚЫҒА ТҮСКЕН БЕЙНЕРОЛИККЕ ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРІЛДІ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    8 + fifteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.