12 C
Алматы
Сенбі, 27 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Қоғам

    ШЫМКЕНТ: ЕРІКТІЛЕР ЕЛБАСЫНЫҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

    Бүгін Шымкентте қала күніне орай шаһар басшысы, «NurOtan» партиясы қалалық филиалы төрағасы Мұрат Әйтеновконференц-байланыс арқылы волонтерларды құттықтап,  «Biz Birgemiz» республикалық акциясына белсендіқатысқан еріктілерді еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасының Алғыс хатымен марапаттады.

    Волонтерлардың көмегімен «Biz Birgemiz» акциясышеңберінде қаламызда бүгінгі күнге дейін 107 миллион теңге көлемінде 8500-ге жуық мұқтаж отбасыға азық-түлікүлестіріліп,  жалғызбасты қарияларға, ерекшеқажеттіліктері бар азаматтарға және тұрмысы төменкөпбалалы отбасыларға 1 млн. дана маска тегін таратылды.

    Бұдан бөлек, ерікті жастар техногенді апаттан зардапшеккен мақтааралдықтарға 81 миллионнан астам қаржыға азық-түлік, гигиеналық заттар мен киім-кешектер жәнетехника жөнелтуге көмек берді.

    – Волонтер болу – жүректің ісі, яғни шынайы ниеттіңкөрінісі. Сіздер қолға алған жұмыстардың барлығы дәлосындай мейірімділіктің жарқын үлгісі екеніне күмәнімізжоқ. Сіздерге барлық бастамаларыңызға сәттілік, зорденсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін, – дедімарапаттау барысында  Мұрат Дүйсенбекұлы.

    Жалпы Шымкент қаласы бойынша төтенше жағдай кезіндехалыққа көмек қолын ұсынған 130-дан аса ерікті марапатқаие болды. Олардың қатарында «Jas Otan» Жастарқанатының төрағасы, Жастар мәслихатының депутаттары, қоғамдық қор мүшелері, Ішкі істер саласының мамандарымен БАҚ өкілдері бар.

    Г. Қапал

    қатысты посттар

    Шымкентке 800 мыңға жуық ағаш көшеттері отырғызылады

    Фариза

    Байқоңырда оқушыларды Путинді қолдау үшін митингке шығарған

    Фариза

    Жамбыл облысы Талас ауданында 146 мың тоннаға жуық мал азығы дайындалды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    12 − 9 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.