7 C
Алматы
Жұма, 26 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Шымкент тұрғыны 6 қызғалдақты жұлғаны үшін 9 миллион теңге төлеуі мүмкін

    Түркістан облысының тәртіп сақшылары Қызыл кітапқа енген алты қызғалдақты жұлған ер адамды ұстады. Тәртіп бұзушыға 3000 АЕК көлемінде айыппұл салынуы мүмкін, – деп хабарлайды Qazweek.kz со ссылкой на Рolisia.kz.

    Полиция мәліметі бойынша, қызғалдақтарды жұлған ер адамды тәртіп сақшылары Ақбастау ауылы маңында байқап қалған. Тәртіп бұзушы бөлімшеге жеткізілді, ал ол жұлып алған гүлдер сараптамаға берлген.

    “Сайрам-Өгем” мемлекеттік табиғи саябағы өкілдері қорытындысына сәйкес, жұлынған гүлдер – Қазақстанның Қызыл кітабына енген Грейг қызғалдақтары”, – деді ведомство өкілдері.

    Айыпталушыға қатысты ҚК-нің 339-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі.

    Полицейлер Қазақстанның Қызыл кітабына енген гүлдерді жұлғаны үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

    “Мысалы, бап санкциялары 3000 АЕК (8 миллион 751 мың теңге) мөлшерінде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны көздейді. Үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, сондай-ақ мүлкті тәркілеп, бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыруы мүмкін”, – деді полиция қызметкерлері.

    қатысты посттар

    “Қазақтың қанын мойыныма алғым келмейді…” қамаудағы Ринаттың xалыққа айтқаны (видео)

    “Дәретхана мен қыздар жуынатын жерді камерадан қарап отырған” Павлодар облысында сұмдық жайттың беті ашылды

    Фариза

    «Жағдай күрделі»: Алматы облысында мемлекеттік қызмектерлер деструктивті діни ағымдардың уағызын тыңдаған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.